Ресей құрамындағы Қарашай-Шеркес Республикасының Парламенті мереке күндері алкоголь өнімдерінің сатылуына шектеу қоятын заң жобасын қарамақ.
“Атап айтқанда, “Соңғы қоңырау”, Балаларды қорғау күні, Жастар күні және Білім күні арақ-шарап сатуға тыйым салу ұсынылып жатыр”, – дейді аймақтық парламент қызметкері.
Бұдан бөлек, Ораза және Құрбан айт күндері де алкоголь өнімдері сатылмауы мүмкін.
Айта кетейік, 2010 жылы Қарашай-Шеркес Республикасында құрамындағы этил спиртінің мөлшері 15%-дан асатын алкоголь өнімдерін балалар, білім беру және медицина мекемелеріне жақын жерде сатуға тыйым салынған болатын. Сауда иелеріне 100 метр қашықтықты сақтау талап етілді. Ал 2011 жылы түнгі уақытта арақ-шарап сатуға тыйым салынды.