ЖАУАП: Қазір елімізде арнайы орта діни білім беретін 9 медресе жұмыс істейді. Олардың барлығы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің жеке мекемесі ретінде тіркеуден өткен. Медреселер Астана, Алматы, Шымкент, Сарыағаш, Тараз, Павлодар, Орал қалалары мен Ақтөбе, Алматы облыстарында орналасқан.
2007-2015 жылдар аралығында медреселерге шәкірттер тек 11-сыныпты бітіргеннен кейін ғана оқуға қабылданатын. Соған сәйкес қабылданушылардың жасы 17-25 аралығында болуы қажеттігі тиісті құжаттарда көрсетіліп келді.
Ал 2016 жылдың қаңтар айынан бастап, Шымкент және Сарыағаш медреселерінің медресе-колледж мәртебесіне ие болуына байланысты аталмыш оқу орындарына 9-сыныпты бітіргендігі жөніндегі аттестатпен қабылдау басталды.
Яғни қазіргі кезеңде медресеге қабылданушылардың жасы шамамен 15-25 жас аралығында болып келеді.
11-сыныпты бітіргеннен кейін медресеге қабылданған шәкірттер үшін оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай; 9-сыныптан кейін қабылданғандар үшін – 3 жыл 10 ай.
Бітіруші түлектерге исламтану мамандығы бойынша «Имам-хатиб» (ұлдар үшін) және «Ислам негіздерінің мұғалімі» (қыздар үшін) біліктіліктері бойынша мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Медресеге түсу шарттары өзге де оқу орындарына түсу шарттарына ұқсас. Қабылдау емтихандары жаз айларында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген кестеге сәйкес жүреді.
Медресеге тапсырылатын құжаттар тізімі және емтихандар туралы мәліметтер әрбір медресенің жеке сайтында «Талапкерлерге» бөлімінде орналастырылған.
Үлгі ретінде Сарыағаш медресесінің ресми сайты – kazmedrese.kz сайтын қарауыңызға болады.
30 жастаглар болмаима не?
Ассалам алейкум! Медресе бітіргеннен кейін университетке түсуге болама?
Саламатсыздар ма? Жазғы курс бар ма , биыл, әйел адамдарга ? Болса жеке номерге хабар бере аласыздар ма?
Сәлеметсіз бе! Бұл сұрақ бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына немесе өз елді мекеніңіздегі мешітке хабарласуыңыз керек.
Медресеге қанша төленеді?
Оны медресенің немесе ҚМДБ сайтына хабарласу арқылы білуге болады.
Ассалаумағалейкум Менің атым Ернар қазір 7 сынып оқып жатырмын жасым 12 де 9 сыныптан оқуға түсуге болама және тегін бе ақшамен бе
Медресге түсу үшін атистат керек па
Салметсыздерме мен баламды медресеге бергым келеды 12 жастан кабылдайма
Сәлеметсіз бе менің ұлым 13 те қызым 14 те және 8 жасыр қызым бар жазғы демалыс айларында медресеге берсем деп едім
Сәлеметсіз ба! Мен 8 жастағы қызымды жазғы каникулға медресеге жібереін деп едім, сізде бар ма балаларға сабақтар оффлайн?
Сәлеметсіз бе! Жергілікті мешітке барыңыз, мешіттерде жазғы курстар болады.
Сәлеметсізбе медресе оқу ушің қандай документ керек
Медресеге түсу үшін пән таңдау керек пе?
Ассалам алейкум мен коледж бітіремін осы жылы, медресеге түсуге мүмкіндік барма, 9сыныпта түсе алмай қалып едімм
Уағалейкумассалам. Оны өз қалаңыздағы мешітке барып сұрап, толық ақпарат алуыңызға болады.