Жуырда Павлодар қаласы, Павлодарский ауылында орналасқан «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжіне арналып жаңадан салынған спорт кешенінің ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұы, облыс дін істері басқармасының басшысы Дәулет Қоқанұы, Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманисламұлы және аталмыш спорт кешенін тұрғызған құрылыс коммпаниясының жауапты адамдары, қала мешітінің имамдары, медресе шәкірттері қатысты.
«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі 2020 жылдың 9 қазанында медресе-колледж мәртебесін алған еді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медресенің өзінің спорт кешені болуы қажет. Осыған орай, жан-жақты ізденіс пен ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде 2019 жылдың тамызында «KSP STEEL» ЖШС-нің қолдауымен спорт кешенінің құрылысы басталып, 2021 жылы қаңтарда аяқталып, кешен ғимараты медресе балансына берілгені туралы бас имам Жолдас Қоспақұлы қысқаша таныстырып, демеушілер мен атқарушыларға зор алғысын білдіріп, сый-сияпаттарын ұсынды.
Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманисламұлы мен құрылыс демеушілерінің бірі Эдуард Львович нысанның ашылуына арналаған рәміздік лентаны қиды.
Соңында қала басшылары спорт кешені мен медресе-колледж ғимаратын аралап танысты.