Бүгін Маңғыстау облысы дін істері басқармасы ақпараттық түсіндіру және қарсы насихат бөлімінің басшысы Ордаған Нұрсұлтан Ақтау қаласындағы “Мейірбике” медициналық колледжінің студенттерімен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Зайырлылық – ел дамуының кепілі» тақырыбында өткен кездесу барысында зайырлылық қағидаттары, дін және саясат мәселелері, Конституцияның 1-бабы, соның ішінде «зайырлылық» термині әңгіме арқауына айналды.
Бөлім басшысы Нұрсұлтан Махмудұлы іс-шараға қатысқан студенттердің көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді.