Ақпарат толқыны тулаған бүгінгі заманда жалған сөз, қате ойдың шырмауында қалып, өзін де, өзгені де адастырмау үшін медиа сауаттылық аса қажет. Себебі, ғаламтор – жүзі өткір пышақ сынды. Шалыс басқан қадамың орға жығып, орны толмас өкінішке соқтыруы мүмкін.