Соңғы жылдары лаңкестік идеяларын жүзеге асыруға тырысатын түрлі діни ағымдар интернет арқылы жастарды өз қатарларына тартуда. Оған төтеп беретін адам бойындағы иммунитет – медиасауаттылық және медиаәдеп. Бұл туралы Дін істері комитеті Интернет кеңістігіндегі діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы Жапал Долиев айтып берді.