2022 жылдың 30 сәуір күні «Жусан» гуманитарлық операциясымен оралған азаматшалармен «Мазхаб ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында кездесу өтті.
Жалпы кездесуді «Отпан» орталығының басшысы Азамат Тулепов жүргізіп, шарада мазхаб сөзіне анықтама берілді. Шариғатта «мәзһаб» деп арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығын айтады. Әр мәзһабтың басында мүжтаһид имамдар тұрады. Мүжтаһид «ижтиһад» деген сөзден туындайды. Ижтиһад дегеніміз – ғалымдардың белгілі бір мәселеде құран, хадис, ижмағ, қиас секілді шариғи қайнаркөздерден діни үкім шығаруы.
Шараға қатысқан «Жусан» репатрианттар өз ойларында жүрген мазхаб ұстану, мазхабтың шығу тарихы, бір ғалымның артынынан еру секілді т.с.с. мазхабқа қатысты сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.