Сенат спикері, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Жас діни лидерлер форумында сөз сөйлеп, бұл жиын басында бүкіл әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселелер талқыланатынын айтты.
“Бұл бастама жас лидерлер арасында жан-жақты диалог қалыптастыратын және қазіргі сын-қатерлерді бірлесіп еңсеретін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын бірегей платформаға айналады деп үміттенеміз. Бүгінгі форумға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының мүшелері де қатысып отыр. Біз кеше Хатшылықтың өте мазмұнды отырысын өткіздік.
Талқыланған мәселелердің бірі – дін көшбасышлары диалогының сабақтастығын қамтамасыз ету. Сіздер осы Форумға қатысу арқылы мәдениетаралық және дінаралық диалогты дамытуға өз үлестеріңізді қосуға дайын екендеріңізді көрсетіп отырсыздар. Сол үшін Сіздерге Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының атынан шынайы ризашылығымды білдіремін.
Форум жұмысына сәттілік тілей отырып, бүгін әлемді дамытуға қатысты маңызды тың идеялар мен ұсыныстар айтылады деп сенемін” деді ол.