Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІ отырысын ашқан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаева келген қонақтарға алғысын білдіріп, былтыр Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 20 жылдық мерейтойы атап өтілгенін айтты.
“Осы уақыт ішінде Съезд жаһандық маңызға ие дінаралық диалог алаңына айналды деп сенімді түрде айта аламыз. Бұл – біздің ортақ жетістігіміз. Съезд және оның Хатшылығы қызметіне көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдауларыңыз бен ерекше ықыластарыңыз үшін сіздерге шынайы алғысымызды білдіреміз” деді ол.
Бүгінгі жиыныда бірнеше мәселе қарастырылатынын, олардың қатарында алдағы VIII Съезді ұйымдастыруға қатысты мәселелер де бар екенін айтқан ол осыдан екі жыл бұрын біз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында VII Съезді нәтижелі өткізгенімізді атап өтті.
“Оған әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация қатысты. Олардың қатарында ірі әлемдік және дәстүрлі діндердің беделді өкілдері болды. Съездің нәтижесінде мазмұнды әрі жан-жақты пысықталған Декларация қабылданды.
2025 жылы жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезін де жоғары деңгейде өткізетінімізге ешқандай күмән жоқ. Хатшылықтың бүгінгі отырысы да мазмұнды әрі нәтижелі өтеді деп сенемін” деді ол.