Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының ХХ отырысын ашқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл съезд әлем елдері үшін аса жауапты кезеңде өтіп отырғанын айтты.
“Бүкіл дүние жалғасып жатқан пандемияның, қақтығыстардың, санкциялардың, климаттың өзгеруі мен өзге де ғаламдық проблемалардың салқынын сезініп отыр.
Біз әлемдегі геосаяси қақтығыстардың күшейіп жатқанына куә болудамыз.
Мелекеттер арасындағы сенімсіздік, соғыстар, террористік белсенділіктер, халықаралық ұйымдар арасындағы тиімді байланыстың аздығы әлемдегі жалпы жағдайға керіс әсерін беруде.
Осындай жағдайда біздің жиынымыз әлемдік қауымдастыққа үндеу жолдайды. Келіспеушіліктерді еңсеруге, қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілікке ұмтылуға шақырады”, – деді ол.