Адамда 5 сезім мүшелері бар, олар:
- көру мүшесі – көз,
- есту мүшесі – құлақ,
- дәм сезу мүшесі – тіл,
- иіс сезу мүшесі – мұрын,
- жанасып сезу мүшесі – тері[1].
Ал, түйсік – айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Талдағыштардың (анализатор) жұмысы үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары.
Осы айтқанымызды Ш. Құдайбердіұлы:
«Тән сезіп, көзбен көрмек,
мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой хабар алып,
жақсы-жаман әр істі сол тексермек» деп, түйсік процесін материалдық дүниедегі заттардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер ету арқылы миымыздың қатпарларына жазылып, танымдық түсінік қалыптастыратынын айтады.
Бұл сезім мүшелері туралы имам Матуриди: «Адам өзіне берілген таным мүшелерінің хақиқи болмысы мен сырын толық біле алмайды. Ендеше, бұл сезім мүшелерін жаратып, олардың хақиқи болмысы мен сырын толық білетін бір Заттың (Алланың) болуы ақылға қонымды. Адам бұл сезім мүшелерін рухани және материалдық тұрғыдан болатын түрліше зияннан сақтап қала алмайды. Бұдан ақыл иесі болған адам баласы жаратылысындағы сезім мүшелерінің сырынан бейхабар екені шығады. Демек, адам баласындағы бұл дәрменсіздік білім және хикмет Иесі болған бір Жаратушы Хақты тануға жетелейді»[2] деп, адам сезім мүшелерін Ислам діннің рухын терең түсінуге арналған бір құрал ретінде қарастырады.
Имам Матуриди, адам сезім мүшелерін ақиқатты түсіну үшін дәлелдік күшке ие деп қарастыруына келер болсақ, Ол, Құрандағы: «Анығында, еститіндер ғана шақыруға құлақ асады. Алла өлілерді (шақыруға құлақ аспағадарды) де қабірде қайта тірілтеді. Содан кейін бірі қалмай Аллаға қайтарылады» (Әнғам сүресі, 36-аят) деген аяттың тәпсірінде: «Әркімде еститін құлақ бар. Бірақ, Жаратушының әмірін естіген соң бұлжытпай орындайтындар бөлек. Құранда: «Расында, ақиқатты ескерту мүміндерге пайдасын тигізеді» (Зәрият сүресі, 55-аят) деген. Міне, осы тұрғыдан кәпірлер өлі, мүміндер тірі деп айтылған. Құранның басқа жерінде: «Біз кезінде (рухани тұрғыдан) өлі болғанды жан-дүниесін (иманмен) тірілттік. Адамдар арасында адаспай жүруі үшін жарық нұрға түскен адам, бейне бір қараңғы түнектерде қалып қойып, одан шыға алмай жүрген бейбақ сияқты ма? Әлбетте, ондай емес» (Әнғам сүресі, 122-аят) деп келеді. Демек, Алла Тағала әрбір адамға екі құлақ, екі көз және екі өмір берді. Рухани терең түсінікке ие есту мен көруді мәңгілік ақырет әлемімен байланыстырады. Ақырет өмірінің өзі де мәңгілік. Ал, материалдық көз, құлақ болса, жалған өмірден ғибрат. Мәңгілік болған ақырет өмірін танып, біле алмайды. Материалдық көзқараспен шектеліп қала береді. Адамға берілген ақыл да осындай екі негізде болады»[3] деп, адамға берілген сезім мүшелерінің екі жағы болатынын айтады. Бірі сол нығметтерімен (сезім мүшелері арқылы) Жаратушы Иесін танып, құлдық етуге себепкер болады. Екіншісі де, сол нығметті жаратылыс мақсатқа лайық пайдаланбай, күпірлік қылғандарды жатқызады.
Имам Матуриди, «Алла Тағала әрбір адамға екі құлақ, екі көз және екі өмір берді… Адамға берілген ақыл да осындай екі негізде болады» деген көзқарасын ғылым-техника да дәлелдеп отыр. Жәй көзіміз арқылы бір заттың сыртқы болмысын көре алғанымыз сияқты рухани (ішкі түйсік) көзімізбен сол заттың хикметін де байқай алады екенбіз. Өкініштісі, Алла Тағаланың адамзатқа берген бұл (жасырын түйсік) нығметін ғылым-техникасы дамыған елдер теріс жолда пайдаланып, сол жасырын түйсікке (мидың қатпарларына) зиянды информацияларды толтыру арқылы адамзат өмірін талқандап жатқаны БАҚ-да айтылып жатыр. Сөзіміздің дәлелі ретінде, «Правда о мультиках, растление молодежи (полностью)»[4] және «Что скрыто в мультфильмах ведь их смотрят ваши дети!»[5]дағы видеолық қойылымдағы іс-әрекеттер жарнама және мультфилім арқылы жас ұрпақтың ми қатпарларына (25 кадр) жазылып, санасын улап, бойына жаман қасиеттерді сіңіреді екен. Мысалы: «Skittles» маркалы школадтың қорабында, «MONEY $EXCHANCE» жазуында «Жыныстық қатынас» деген мағына беретін сөздер жасырылса, «Пингвин» және «Арыстан» сияқты хайуанаттар бейнеленген кейбір мультфилімдерінің де көріністерінен материалдық жәй көзбен сыртқы алдамшы әрекеттерін көрумен ғана шектелсек, ал рухани түйсік арқылы жарнама немесе мультфилімдердегі жасырылған жыныстық қатынастыққа әуес қылатын қитұрқы, бұзақылық қылықтар жас буынның ми қатпарларына жазылып, іс-жүзіндік нәтижесін береді екен.
Дана халқымыз: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, елін, дінін және салт-дәстүрлерін қадірлейтін жас ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре білу кезек күттірмейтін келелі іс. Ал, енді осы «кішкентай бүлдіршіндерімізге беріліп жатқан тәлім-тәрбиенің негізі неде? көп уақыттарын қалай өткізеді?» деген сұрақ төңірегіне оралар болсақ, бүгінгі таңда бүлдіршіндерімізге тәрбие негізінен телевизор арқылы беріліп жатыр. Өйткені, тартымдылығы бала тұр ғой үлкендерді баурап алатын, шетелдің идеологиялық мультфильмдерін балалар таңнан кешке дейін теледидар алдынан кетпей отырып көруден жалықпайды. Көргенін жүрегімен ұғып, санасына сіңіреді. Сөйтіп, өзіндік ұстанымы әлі қалыптасып үлгермеген балаларымыздың мінез-құлқында өзгерістер пайда болады. Тіпті, өзге діннің, өзге елдің салт-дәстүрін қадірлейтін, өз дінімізге, ұлттық дәстүрімізге қарсы тұратын ұрпақ тәрбиеленіп шығады. Ең сорақысы, жоғарыда атап өткеніміздей кейбір мультфильмдерде жыныстық қатынасқа жақын немесе жыныстық қатынастың көлегейленіп көрсетілуі болып отыр. Әсіресе, осындай мультфилімдерді көріп ер жеткен жас ұрпақтың бойында өсе келе адамзат қоғамына мынандай зиянды келтіруінде болып отыр. Олар:
– Ер әйелді, әйел де ерді құрметтемейтін, бір-бірін тек пайдаланып тастай салатын зат ретінде қарау көзқарасын қалыптастырады.
– Кейбір мультфилімдерде тұрмысқа шықпай дене бітімін (фигурасын) әдемі сақтаған қызбен қатар дене бітімі кескінсіз көп балалы әйелді қатар көрсетеді. Бұндай екі көріністі салыстыра отырып, сыртқы әсемдігін сақтауға мән берген қыздар ардақты ана болудан махрұм қалады.
– Кішкентай қыздардың мектеп құшағында жүкті болып қалу және аброт жасатып, түсік тастатуға себеп болады.
– Әкесі кім екені белгісіз жетім балалар көбейіп, жетімдер үйі мен қарттар үйі арта түседі.
– Өте ерте жыныстық қатынасқа түсу – баланың психикасын қалпына келмейтіндей етіп бұзады. Ой-санасының дамуын тежейді. Мультфилімдерде көргеніне әуестеніп ғылым-білім сынды келелі істерден кенже қалып, кері тартып тұрады.
– Шетелдің идеологиялық мультфилімдерін көріп өскен баланың ой-санасы бүкілдей сонымен уланып, ата-анасын түсінісе алмайтын мәңгүрттік хәлге жетеді. Сөйтіп, ата-ана мен бала арасында үлкен келіспеушілік шығады. Нәтижеде, отбасы ойрандалады.
– Балалардың сана-сезіміне, бүтін психологиясына түрлі бұзақылық, суицидтік және жезөкшелік сынды қылмыстық әрекеттер сіңіп, өмірде сол қылмыстық істерді жасауға құштар болып тұрады, т.б.
Жас ұрпақтың бойына жаман қылықтарды қалыптастыратын шетелдік идеологиялық мультфилімдердің бәрі әдейі жасалып отырған сұрқия саясат екенін ұмытпағанымыз жөн. Бұндай мультфилімдер сол елдердің өзінде де көрсетілмейді. Айбек Қуандықұлы, «Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі» атты мақаласында: «Көптеген елдерде бала тәрбиесіне, соның ішінде балаларды мультипликациялық кино арқылы тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Мәселен, Жапонияда балаларға салт-дәстүрін, өзара қарым-қатынас этикасын, адамның ортада өзін ұстау мәдениетін мультфилым арқылы үйретсе, АҚШ бұл әдіспен математика, география, физика пәндерінің негіздерін оқытуды мақсат ететіні байқалады. Ал Қытай болса, анимация өнері бойынша бірінші орында. Олар ұлттық мүддені ғана көздейтін мультфилымдерді шығару арқылы бала санасына Отанға деген сүйіспеншілігін оятуға тырысады. Оған қоса, Қытайда шетел мультфилімдерін көруге тыйым салынған. Неге? Себебі, әр ел өздерінің фильмдері арқылы өздерінің саясатын, салт-санасын, идеологиясын жас көрермендер санасына сіңіруді басты назарға алады. Осы орайда біздің елде ұлттық дәстүрді насихаттайтын, ұлттық тәрбиеге негізделген, әлемдік бәсекеге қабілетті анимациялық фильмдер жасала қоймағаны жұртшылық арасында қынжылыспен айтылып жүр»[6] деп, әлемдегі алпауыт елдердің мультипликациялық кино арқылы бала тәрбиелеу тәсілдерінен де өнеге алу керектігін айтады.
Қазақ халқы өзінің рухани болмысы мен ұлттық салт-дәстүрін, ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздігін жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру арқылы ғана сіңіріп, баянды ете алады. Сондықтан, түрлі идеологиялық шетелдік мультфилімдерден гөрі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Керей және Жәнібек хандар» сынды тәрбиелік мәні терең қазақ халқының рухани танымы мен салт-дәстүрінен туындаған, қазақ ертегілерінен алынған анимациялық мультфильмдерді көбірек шығару арқылы ұлттық тәрбиеміздің негізін қалыптастыруымыз керек.
Осы мәселеге қатысты имам Матуриди, Құрандағы: «(Уа, Мұхаммед), оларға былай де: «Сендерді көркем бейнеде жаратқан әрі сендерге есту қабілетін, көзді және (жүрек түкпіріндегі) рухани сезімдерді берген де бір Алла. Соған қарамастан сендер өте аз шүкір етесіңдер!» (Мүлік сүресі, 23-аят) деген аяттың тәпсірінде де: «Ақиқатында, шексіз ғылым мен құдірет иесі Алла Тағала бізді қараңғы әрі тар жатыр ішінде жетілдіріп, сыртқы зияндардан қорғап көркем бейнеде жаратты. Бұны адам ақыл-ойымен де, ғылым-техника жолымен де іске асыруы қолынан келмейтін іс. Әйтседе, сол ақиқатқа көз жеткізетін түрлі ғылымдарды игеру үшін көз, құлақ және жүрек берілді. Әрі құлағы арқылы жаратылыстарды дауысынан, көзімен бейнесіне қарап ажырата алады. Ақылымен зияндысынан сақтанып, пайдалысын қажетіне жарату қабілетіне ие. Бұл үш ағза ғылым-білімді игеруде негізгі мүшелер болғандықтан ерекше атап айтылды. Бұл мүшелер ғылым-білімді меңгерудің негіздері болмағанда, Құранда: «Шындығында, адам баласы құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерін қалай басқарып қолданғанына қатысты (Алланың алдында) жауапқа тартылады» (Исра сүресі, 36-аят) демес еді»[7] деп, адам баласы өзіне берілген аталмыш сезім мүшелерімен ғылым-білімді игеруге қабілетті екенін, сол ғылым-білімімен Хақты танып, адамзаттың игілігі жолында пайдалану үшін берілгені айтылады.
Демек, бұл сезім мүшелерінің тек материалдық жақтарымен шектелмей рухани астарына терең үңілсек, әуелі жаратылу мақсатымызға лайық Хақты танып, адамзат қоғамындағы қолымыздан жасалған ауыр зардаптардың алдын алған болар едік!
Абдусамад ОҚАН,
исламтанушы
[2] Матуриди, Китәбут тәухид, Анкара – 2005. 268 б.
[3] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, 5-том, 56 б.
[7] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, 15-том, 316-319 бб.