Жалпы бұл дүниенің жаратылуы хикметі – сынақ әлемі болуында. Ал, адам баласы құтты сынақ тапсырған студент тәрізді. Бұл өмірін қалай өткізгені жайлы Алла алдында жауап береді. Өмірдегі істерінің нәтижесін көреді яки зиянын тартады.
Имам Матуриди бойынша, адамзат үшін пайғамбардың жіберілуі ақылға қонымды іс. Пайғамбарлар адамдарға Аллаға иман етіп, Оған ғана ғибадат жасаудың, шүкір етудің жолдарын көрсетеді. Себебі, адам баласының жаратылу мақсаты өзіне берілген сансыз нығметтердің қадіріне жетіп, шүкір етуі болмақ. Ал адам ақылы бұл мәселелердің сыры мен хикметін толық түсінуде әлсіз әрі ақыл иесі адам баласының Жаратушысына шүкірін білдіруі өзге жаратылыстардан ерекшелендіретін қасиеті дейді[1].
Яғни, адам баласы Жаратушы Иесіне лайықты түрде қалай құлшылық ету керектігін ақылымен біле алмайды. Міне, осы тұрғыдан пайғамбарлар адамдардың ақылын дұрыс жолға қолдануын ісімен көрсетіп, соңына иләһи заңдылықтарды (Кітап, сүннетті) мұра етіп қалдырды. Сондай-ақ, адам ақылы жетпейтін ақырет істерін, Алланың әмірлері мен тыйымдарын ажырата білу үшін жол көрсететін бір ұстазға мұқтаж. Пайғамбарлар, міне осы ұстаздық қызметті кемеліне келтіріп атқарған ізгі жандар болып табылады.
Әбу Муғин ән-Нәсәфи пайғамбардың жіберілу хикметіне ақыли мынандай мысал береді: «Хаким Жаратушының елшілері жеткізген діні арқылы адамдар Алланың әмірлерін орындау арқылы пайдасын көрсе, тыйымдарынан тыйылу арқылы өздерін зиянды нәрселерден қорғайды. Мысалы, біреуге мына жерде шұңқыр бар, түсіп кетесің. Оның оң немесе сол жағымен жүр делінсе, бұл жасалған істі ешкім жанашырлық яки мейірім емес демейді. Ал, аталмыш жақсылықты жоққа шығаруда надандық»[2].
Пайғамбарлық міндетті жете түсіну, оны қабыл ету көп жағдайда адамдар үшін қиынға түседі. Себебі, пайғамбарлар дүние тіршілігін құтты сапардағы жолаушы адамның хәліне ұқсатады. Алла разылығы көзделмеген әрқандай бір іс мағынасыз болып табылады. Дүние ешкімге мәңгілік тұрақ болмағаны сияқты ешкім де дүниеге тұтқа бола алмайтыны басты назарға алынады. Сол себепті, өмірді байлықпен, мәнсаппен, т.б. өлшейтін адамдар үшін пайғамбарлық міндет көп жағдайда түсініксіз болып қала береді. Имам Матуриди, пайғамбарлық қызметті қажетсінбейтін немесе оны жоққа шығаратын кейбір ағымдардың көзқарасының дұрыс еместігін «Тәухид» еңбегінде мынандай бірнеше түрге бөліп түсіндіреді.
Олар:
1) Алла Тағаланың Жаратушы екенін мойындамаған адамның пайғамбарлық ісін жоққа шығаруы табиғи іс. Өйткені, пайғамбарлық міндетті қабыл ету тек қана Жаратушыға иман ету арқылы болады. Ал, елшілерге түскен иләһи кітаптар Алланы және Оның елшілерін танытатын дәлелдер әрі адамның өмір сүру жолын көрсететін қағидаттар жиынтығы болып табылады.
2) Адамзат өмірінде тепе-теңдіктің болуы үшін әмір мен нәһидің (тыйымның), жәннат пен тозақтың болуы тиіс. Алла Тағала аспан мен жердегі бүкіл болмысты адамзаттың игілігіне тарту етіп, олардың тату-тәтті өмір сүріп, өмірдің ашы-тұшысын бірге көрулері үшін бір жыныстан жаратты. Міне, осының бәріне куә бола тұрып, Жаратушы Хақты және Оның елшілерін қабыл етпеу көңілдің соқырлығы. Сондай-ақ, Алла Тағала адам баласына кейбір істерді істеуді міндеттеп, кейбір істерден тыйым салмаса, соны түсіндіретін пайғамбарлар жібермесе өмірде бір тәртіп болмайды. Әркім қара басының қамын жеп, «өзім ғана өмір сүрсем» деген ниетпен өмір сүргендіктен, өз араларында дау-жаңжал, қантөгістің болары ақиқат. Сол себепті, адамзат өздерін жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыятын пайғамбарға мұқтаж.
3) Адам дүние және ақырет істерін түсінуде пайғамбарларға зәру. Адам шектеулі ақылымен ғайби әлемнің сырларын толық біле алмайды. Ақыл болса, пайғамбарлар көрсеткен тура жолды түсінуге көмектесетін бір құрал тәрізді. Ақылға салсаң кейде тыйым салынған іс жақсы, ал әмір етілген істе де жаман болып көрінуі мүмкін. Мысалы: ақылға салсақ құлшылық мәселелері және хайуанды құрбанға шалу түсініксіз жайт. Ғибадат-құлшылықтың мәнін, іске асырылу жолдары пайғамбарлар арқылы үйретілген. Осы тұрғыдан адам көп істердің жақсы яки жаман екендігін білуде пайғамбарға мұқтаж.
4) Алла елшілерінің мұғжизаларын сиқырлық, көріпкелділік дейтіндер болса, олар табиғат істері мен мұғжизаны (заңдылыққа бағынбайтын істерді) ажырата алмағандар. Бұл мәселеде әуелі мұғжиза мен сиқырлықтың ара-жігін ажыратып алған дұрыс дейді[3].
Имам Матуриди: «Сиқырлық – бір нәрсенің көзді көлегейлеп, ақиқат болып көрінуі. Ол арнайы үйреніп, кәсіп ету арқылы болады. Сиқыршы дүниелік мақсатына жету үшін әрдайым адамдарды таңғалдыратын істерді үйреніп, жер жүзіне бұзғыншылық қалыптастырады. Ал, мұғжиза – дін, шариғат сынды ұлы істерде көрінеді. Ол Алланың пайғамбарына жасаған көмегі, сыйы. Елшіліктің белгісі. Өзге адамдардың қолынан келмейтін іс. Елшілерде нәпсінің қалауы, дүние қызығына бату сияқты бір мақсат болмайды. Әрдайым адамзаттың пайдасын көздейді»[4] деп, мұғжиза мен сиқырлықтың екі бөлек нәрсе екенін ашып көрсетеді.
Исламда сиқырлықпен айналысу харам. Бақара сүресінің 102-аятында Сүлеймен патшаның заманында «Һарут, Марут» атты екі періштені сиқырлық пен мұғжизаның арасын ажыратып көрсетуге әрі адамдарды сынау үшін сиқырлықты үйретуге жіберілгені айтылады.
Бұл екі періште адамдарға сиқырлықты теріс жолда пайдалану күнә екенін ескертіп, «біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар» деп айтумен болады.
Сонда адамдар сиқырлықты екі түрлі мақсатта үйренген. Бір тобы, адамдардың сенімі мен өміріне келетін зиянның алдын алу үшін жақсы мақсатта үйренсе, екінші топ ерлі-зайыптылардың арасын ажырату, т.б жаман істерге пайдалану ниетімен үйренген. Міне, бұл жаман ниеттегілерге ақыретте азап бары айтылады.
Алла Тағала адам баласын көркем бейнеде жаратып, оған ақыл мен ерік-қалау еркіндігін берген. Алайда, адам баласы көп жағдайда жаратылу мақсат-мұратын түсіне бермейді. Бойындағы сан алуан қасиеттерін теріс жолда пайдалануға бейім тұрады. Сол себепті, оларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін көрсететін, екі дүниелік бақытқа жетелейтін рухани ұстаз керек болды.
Сол рухани ұстаздық қызметті Алланың елшілері және сол елшілердің мұрагерлері атқарды. Яғни, адамзаттың арғы тегі Адам (а.с) ата пайғамбарлық қызмет атқарса, бұл мәртебелі міндет өзге де пайғамбарлармен жалғасын тауып, соңғы пайғамбар Мұхаммедпен (с.ғ.с.) аяқталды.
Демек, адам баласы ешқашан діннен, пайғамбардан, хикметтен қол үзбеді. Пайғамбар дүниеден қайтқанымен, олардың мұрагерлері пайғамбарлық жолды жалғастырды. Соның нәтижесінде, адамзат тарихында мәдени өркендеу, даму болып, адамдар өзара сыйластықпен өмір сүрудің үрдісін қалыптастырды.
Абдусамад ОҚАН,
исламтанушы
[1] Әбу Мансур әл-Матуриди, Китәбут таухид, 278-279 бет.
[2] Әбу Муғин ән-Насафи, Китәбул Тәмһид ли қауағид Тәухид, 67-68 бет.
[3]Әбу Мансур әл-Матуриди, Китәбут таухид, 247-250 бет.
[4]Әбу Мансур әл-Матуриди, Китәбут таухид, 179-бет.