Ол Алла Тағаланың қалауымен пайғамбарлар арқылы ғана іске асады.
Имам Матуриди: «Мұғжиза – пайғамбарлардың шыншыл екендігінің белгісі. Алла Тағала елші етіп жіберген құлының елшілігінің хақтығын мұғжиза арқылы растайды. Ол адамдардың қолынан келмейтін таңғажайып іс»[1] десе, тағы бір сөзінде: «Пайғамбарлар пайғамбарлықтарын дәлелдеу үшін дәлел мен мұғжизаларға мұқтаж. Бұл мұғжизалардың да адам баласының ақылына қонымды әрі пайғамбарлардың туралығын растайтын дәлел болуы маңызды»[2] деп, мұғжиза пайғамбарлықты дәлелдейтін дәлел екенін айтады. Енді, осы жәйлы соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (c.ғ.с.) бірнеше мұғжизасына тоқтала кетейік.
1) Соңғы пайғамбарлық
Мұхаммедтің (c.ғ.с.) ақырғы пайғамбар екеніне оның ғибратты ғұмыры, мағыналы әрбір сөзі мен өнегелі іс-қимылдары дәлел. Ол дүниеден озғанына он төрт ғасыр өтседе, оның адамзатты таң қалдырған өмірі еш қайталанған емес. Қайталануы да мүмкін емес. Себебі, ол елшілердің соңғысы. Әрбір сүннетін өмірлік ұстаным еткен үмметінің тілі мен көңілінде Жаратушы есімімен бірге минут-секунд сайын жат етіліп, салауат пен сәлемдер жолдануда. Міне, сондықтан, оның бойындағы асыл қасиеттерін үйреніп, соған лайық өмір сүру күллі адам баласының алға қойған мақсат-мұраты болуы керек. Қасиетті Құранда: «(Мұхаммед (с.ғ.с.), Біз сені бүкіл әлемге рақым етіп жібердік» (Әнбия сүресі, 107-аят) деп, соңғы пайғамбардың жолы мейрімділік пен рақымдылық символы екені айтылады.
Имам Матуриди, Құрандағы: «Мұхаммед араларыңдағы бірде-бір еркек кіндіктінің әкесі емес. Ол Алланың елшісі һәм ең соңғы пайғамбар. Алла барлық нәрсені білуші» (Ахзаб сүресі, 40-аят) деген аяттың тәпсірінде: «Мұхаммед (c.ғ.с.) ешкімнің тегі жағынан әкесі емес. Алайда, ол үмметінің ақыретін ойлап жанашырлық, мейірімділік танытуы жағынан болса, әкелерінен де артық. Ақиқатында, ол Алла Тағаланың елшісі. Әрі пайғамбарлардың соңғысы. Одан кейін пайғамбар келмейді. Алла елшісінен (c.ғ.с.) жеткен бір риуаятта: «Менен кейін пайғамбар болмайды» деген. Әрі аталмыш аятта да Мұхаммедтің (саллаллаһу әлейһи уә сәллам) соңғы пайғамбар екені ашық айтылған. Бұдан кейін кімде-кім өзін пайғамбармын десе, оның сөзі қабыл етілмейді. Оған «пайғамбарлығыңа қандай дәлелің бар» деп те айтылмайды. Ол барып тұрған кеззәп, суайыт, өтірікші»[3] деген.
Алла Тағала жер бетінің мұрагері болған адам баласына Өз заңдылығын үйрететін елшілер жіберіп отырды. Соңғы елші Мұхаммед (c.ғ.с.) бірде екі саусағын көтеріп: «Менің пайғамбар болып жіберілуім мен қияметтің арасы осы екеуініңұқсасындай»[4]деп, өзінен кейін пайғамбардың кемейтінін, қиямет күнінің де жақын қалғанын ескертеді.
2) Қасиетті Құран
Құран – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (c.ғ.с.) ең үлкен, мәңгілік мұғжизасы. Оның мұғжизалығы – үкімінің қияметке дейін жалғасуы және адамзаттың қажеттілігіне толықтай жауап бере алуында. Құран аяттарының мағыналары бір-бірімен тығыз байланыста болып, құтты жаратылыстағы өзара сәйкестік тәрізді. Жаратылыста бір жүйесіздік пен ақаудың болмағаны сияқты Құран аяттарында да қарама-қайшылық жоқ. Міне, бұл қасиетті Құранды жазу адам баласының қолынан келмейтін, Алла Тағала тарапынан сүйікті пайғамбарына түсірілген әрі хақ пайғамбарлығын растайтын мұғжизасы болмақ.
Ол, мұғжизалы кітап екенін Құран өзі растайды. Онда: «Егер құлымызға түсіргенімізден күмәндансаңдар, онда сендер де соған ұқсас бір сүре түсіріңдер (келтіріңдер). Сөздерің рас болса, Алладан өзге көмекшілеріңді де шақырыңдар. Егер осыны жасай алмасаңдар, әлбетте, ешқашан жасай алмайсыңдар» (Бақара сүресі, 23-24 аят) деп, күллі адамзат пен жын әлемі жиналса да қияметке дейін Құранның ұқсасын, тіпті, бір сүресінде жаза алмайсыңдар делінеді. Демек, Құран бәзі біреулер айтқандай адамның сөзі емес. Ол – Алла Тағаланың кәламі. Мұхаммедтің (c.ғ.с.) хақ пайғамбар әрі соңғы елші екендігінің дәлелі.
Имам Матуриди Құрандағы: «Уа, (ардақты) Елші! Раббыңнан өзіңе түскенді (үмметіңе бұлжытпай) жеткіз. Егер мұны істемесең, елшілік (пайғамбарлық) міндетіңді атқармағаның. Алла сені (қаскөй) адамдардан сақтайды» (Мәйда сүресі, 67-аят) деген аяттың тәпсірінде: «Уа, елшім! Кәпірлердің бір тобы: «Біз оған түсірілген Құранға ешқашан иман етпейміз» деп, құқай көрсеткен кездерінде Алла Тағала елшісін олардың қорқытуынан да, жасырын ұйымдастырған айлаларынан да қаймықпай, елшілік міндетіңнің айғағы болған Алланың үкімдерін ашық баянда.
Сондай-ақ, бұл міндет уағыз-насихат жасап, дінге шақырумен болады. Ал, сенім жүректің қалауындағы іс. Сен міндетіңді бұлжытпай орындасаң, Алла Тағала сені адамдардан болатын қатерден сақтап, хақ пайғамбарлық міндетіңді ақиқатқа шығарады»[5] дейді.
3) Оның бітім-болмысындағы қасиеттер
Имам Матуриди: «Мұхаммед (c.ғ.с.) мейірімділік, жомарттық және батырлық сынды бүкіл көркем мінездің шыңырау шыңына көтерілді. Ол әрдайым дүниенің қиындықтарына мойымай, ақырет ісін бәрінен жоғары қойды. Жаратушысымен керемет байланыс құра білді. Қауымы оны пайғамбарлық келгенге дейін «Мұхаммадул әмин» яғни, сенімді Мұхаммед деп атады. Қауымынан біреуі оның бітім-болмысына ой жүгіртіп, ғибрат алып қарайтын болса, әлбетте оның айтқандарына ерер еді»[6] десе, оның (c.ғ.с.) болмысын: «Оның жүзі толған айдан да нұрлы, исі мисктен де жағымды, мінезі жібектен де жұмсақ, тері миск ретінде пайдаланылады. Оның жаратылысын «әдемі, көрікті» деп ешкім тілімен сипаттай алмайды. Мұндай қасиеттері оның еш уақыт өтірік, жаман сөз айтпағанын және қара басының қамын бір сәтте ойламағанын дәлелдейді.
Алла Тағала өзгелерді ойлап, жанын жегідей жеген рақым пайғамбарына: «Ендеше, кәпірлерге бола («бұлар неге иманға келмеді» деп), өз-өзіңді жеп жіберердей мұншалықты таусылма!» (Фатыр сүресі, 8-аят), халқына азап келуден қорыққан сәтінде «Оларға қайғырма» (Нәхл сүресі, 127-аят), жомарттық етуде өзін зорлаған шағында «Тым қол ашықтық етпе»(Исра сүресі, 29-аят) деп, басу айтатын еді. Оның нұрлы жолын ешкім өшіре де, жоқ ете де алмады. Керісінше, жарқырап, кемелдене түсті. Құдіреттілік Алла Тағалаға ғана тән»[7] деп сипаттайды.
Бір адамның (Оның) бойынан күллі адам баласын мойындатқан көркем мінезге ұғымына жататын түрлі адами қасиеттердің толығымен табылуы, сол ісімен үлгі бола білуі оның хақ пайғамбар екенінің дәлелі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (c.ғ.с.) бір хадисінде: «Мен, көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім» деп, өзінің пайғамбар болып жіберілуіндегі мақсатын түсіндіреді.
Имам Матуриди, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (c.ғ.с.) хақ пайғамбар екендігіне жаратылыс-тәбиғатында көрініс берген: «Бұлттың көлеңке болуы, көкірегін ашуы, айдың екіге жарылуы, ағаштың (томардың) үн қатуы, тастың сәлем беруі, аз судың берекелі болып, көптеген халықтың шөлі қануы, оны Ғар үңгірінде қуып келген қуғыншылардың көзін Алла Тағаланың көлегейлеп қоюы, түйенің шағымдануы, сүтті ешкінің куәлік етуі, қуғыншының атының аяғы жерге кіріп кетуі және түрлі қаскүнемдік, жамандықтардан Алла Тағала оны сақтауы, т.б. Бұл туралы келген риуаяттардың барлығы оның мұғжизасы деп білемін»[8] деп, соңғы пайғамбардың көзі тірісінде жүз берген ғажайып істерін пайғамбарлығына дәлел ретінде көрсетеді.
4) Оның ғайби (көмескі) істер жайлы хабар беруі
Имам Матуриди, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (c.ғ.с.) хақ пайғамбар екендігіне ғайби (көмескі) істер жайлы берген хабарлары да дәлел дейді. Енді, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (c.ғ.с.) өз заманын бұрынғы, өз ғасырындағы және келешек істеріне қатысты бірер мысал келтірейік.
Біріншісі: Имам Матуриди Құрандағы: «Тур (Синай) тауына, Жазылған кітаптарға, Жайылған жұқа теріге (және қағаздарға жазылған кітаптарға)» (Тур сүресі, 1,2,3 аяттар) деген аяттың түсіндірмесін: «Аятта елшіліктің ақиқат екеніне дәлел бар. Яғни, Пайғамбарымыз (c.ғ.с.) уахи түскен жер және сол таудың қасиеті жайлы хабар берді. Бұл бұрынғы кітаптарда айтылған мәлімет. Олардың (яһудилердің) сол кітаптардағы мәлімет туралы білімдері терең. Өз араларында ешқандай келіспеушілікке бармайды. Демек, ол (c.ғ.с.) уахи түскен жерлерді және таудың қасиетін Алладан ұқты»[9] деп, өткен пайғамбарлар туралы хабар беруін хақ пайғамбарлығының дәлелі екенін айтады.
Екіншісі: Имам Матуриди Құрандағы: «(Уа, Мұхаммед!) Саған түскен (Құранға) һәм өзіңнен бұрын түскен иләһи кітаптарға сенеміз деп (құр ауызбен) айтатындарды көрдің бе? Міне, солар араларындағы дау-дамайды шешу үшін тағұтқа (шайтанға, жалған құдайларға, жұртты Алланың ақ жолынан тайдырушы зұлым күштерге) жүгінгісі келеді. Әйтсе, де оларға одан сырт айналу, оны мойындамау бұйырылған-тын. Ал шайтан болса, оларды әбден азғырып, хақ жолдан біржолата тайдырғысы келеді» (Ниса сүресі, 60-аят) деген аяттың тәпсірінде: «Бұл аятта Мұхаммедтің (c.ғ.с.) елшілігі ақиқат екеніне дәлел бар. Яғни, аяттағы «олар араларындағы дау-дамайды шешу үшін тағұтқа жүгінгісі келеді» деген сөзі, ол (с.ғ.с) дүние салғаннан кейін болатын іс жайлы хабарлап тұр. Яһудилер Оған (с.ғ.с) Алла Тағала әлі көрмеген нәрсесін білдіргенін білді. Алайда, тоңмойындықтары ақиқат жолын ұстануға жар бермеді»[10] деп, өзінен кейін жақын заманда жүз беретін ғайби істер жайлы хабар беруі де хақ пайғамбарлығына дәлел екенін айтады.
Үшіншісі: Имам Матуриди Құрандағы: «Римдікте жеңіліс тапты.(Арабстанға) ең таяу жерде. Алайда олар осы жеңілістен кейін жеңіске жетеді» (Рум сүресі, 2-3 аят) деген аяттың тәпсірінде: «Бұл аятта да Мұхаммедтің (c.ғ.с.) елшілігі ақиқат екеніне дәлел бар. Аятқа сай іске асқан бұл оқиға, бұдан былай кәпірлердің «Бұлар бұрынғылардың ойдан шығарған аңыз-ертегілері, одан басқа түк те емес» (Әнғам сүресі, 25-аят), «Оған Құранды бір адам үйретеді» (Нәхыл сүресі, 103-аят)» деген сияқты сөздерімен оған жала жауып, Раббысынан жеткізгенді өтірікке шығаруларына ешқандай мүмкіндік бермейді.
Сондай-ақ, римдіктер алғашында парсылардан жеңілген еді. Кейін Құранның айтқанындай жеңіске жетеді. Бұл адам баласы бір нәрсені ақылына салып немесе тарихи істерге салыстырып біле алмайтын, тек Алла Тағаланың білдіруімен білінетін іс. Демек, бұл оқиға Мұхаммедтің (c.ғ.с.) хақ елшілігінің дәлелі»[11] дейді. Яғни, болашақта болатын ғайби істер жайлы хабар беруі де хақ пайғамбарлығына дәлел болмақ.
5) Иләһи кітаптардың сүйіншісі
Имам Матуриди, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (c.ғ.с.) пайғамбарлығын мойындамаған кітап иелері туралы: «Олар иман еткен пайғамбарларының хақтығына нені дәлел қылса, сол келтірген дәлелдері Мұхаммедтің (c.ғ.с.) пайғамбар екеніне дәлел.
Әр пайғамбардың мұғжизасы әртүрлі болуы мүмкін. Мұғжизаның мағыналылығы мен ғажайыптығына келер болсақ, Мұхаммедтің (c.ғ.с.) мұғжизасы – мәңгілік мұғжиза. Біз елшінің айтқанын растадық. Әрі одан бұрынғы пайғамбарларға да иман еттік. Ал, сендер өз пайғамбарларың айтқанды растасаңдар, онда сол пайғамбарлардың сүйіншілеген Мұхаммедке (c.ғ.с.) иман етулеріңе не кедергі?!»[12] деген уәж айтып, күллі пайғамбар сүйіншілеген Мұхаммедке (c.ғ.с.) сенбеген жанның одан бұрынғы пайғамбарларға сендім деуінің де бір мәнісі жоқтығын айтады.
Құранға дейінгі түскен қасиетті Тәурат, Забур, Інжіл кітабы адамдар тарапынан қанша бұрмаланып өзгертілсе де, олардан соңғы Пайғамбардың келетіні жайлы ашық немесе тұспалды аяттарды кездестіруге болады. Тіпті, Үндістердің үлкен кітаптары соңғы пайғамбар жайлы хабар берген. Ол хабарлардың ішінде Пайғамбарымыздың көптеген сипаттары, өмірі, хазреті Ибраһим, Бәкка (Мекке), сонымен қатар Пайғамбарымыздың аты Махамед, Мамах және Ахмед түрінде берілген. «Махамед» аты Пураналарда, «Мамах» аты Атһарва Веданың Кунтап Суктта бөлімінде, «Ахмед» аты Сама Ведада кездеседі[13].
Имам Матуриди Құрандағы: «Біз кітап түсірген қауым (дін басылары мен ғұламалары) ақырғы пайғамбарды (бүкіл ерекшеліктерімен) өз балаларын танығандай таниды. Сөйте тұра, олардың бір бөлігі осынау ақиқатты біліп тұрып жасырады» (Бақара сүресі, 146-аят) деген аяттың тәпсірінде: «Адам балаларын бойындағы белгілеріне және бұрынғы бастан кешкен себептер негізінде таниды. Сол сияқты елшілер де елшілігін білдіретін белгілері мен мұғжизалары арқылы танылады.
Міне, бұл белгілер мен мұғжизалар Алла елшісі Мұхаммедте (c.ғ.с.) айқын көрініс тапқан. Бірақ, олар бұл ақиқатты біле тұра қасарысып, танып алады. Оған Алла Тағаланың: «Сөйте тұра, олардың бір бөлігі осынау ақиқатты біліп тұрып жасырады» деген сөзі дәлел. Аяттағы «Китмән» (жасыру) сөзі білген нәрсесін әдейі жасыру мағынасын білдіреді. Абдулла ибн Сәламнан жеткен риуаятта: «Омар (р.а.) одан Пайғамбарымыз жайлы «Оны өз балаңдай танитын ба едің?» деп сұрағанда, ол: «Өз баламнан да артық танитынмын. Балама шек-шүбә келтіруім мүмкін. Өйткені, әйелімнің не істегенін толық білмеймін. Бірақ, Алла Елшісінің ақырғы пайғамбар екендігіне күмәнім болған емес» деп, жауап берді»[14] деген» деп, яһуди ғалымдары Алла елшісінің (саллаллаһу әлейһи уә сәллам) өз кітаптарындағы сипаттарынан хақ пайғамбар екенін анық білді. Бірақ, қызғаныш пен көреалмаушылық иман етулеріне тосалғы болғанын айтады.
Соңғы ғасырларда да батыс әлемінің көрнекті ғалымдары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (c.ғ.с.) хақ пайғамбар екенін растайтын әртүрлі тұжырымды ойлар айтқан. Мысалы: М.Харт: «Әлемде өте ықпалды болған адамдардың тізімінің басына Мұхаммедті қоюым кейбіреулерді таңдандыруы мүмкін. Алайда тарихта дүниелік әрі діни салада сөзсіз табысқа жеткен адам сол (Мұхаммед). Мұхаммедтің Исламға жасаған жеке ықпалы Иса Мәсіх пен Павелдің бірге христиандыққа жасаған ықпалынан әлде қайда артық. Діни және дүниелік тұрғыдан ықпал етудің теңдессіз түрде бірлесуі (бір адамның басына берілуі) тарихта Мұхаммедтің (с.ғ.с) ең ықпалды тұлға екендігін көрсетуге жеткілікті»[15] деген.
Қорыта айтқанда, пайғамбарымыз Мұхаммедке (c.ғ.с.) тән мұғжиза хисси* болсын немесе мұғжиза ақыли* болсын оның хақ пайғамбар екеніне дәлел.
Абдусамад ОҚАН,
исламтанушы
[1]Әли Абдулфаттах әл-Мағриби, Имамү әһли сүнна уәл жәмаға Әбу Мансур әл-Матуриди уә әраүһул кәламия, «Мәктаба уаһба» баспасы, Қаһира. – 2009. 455 бет. 330-бет.
[2]Қалмахан Ержан Сейтұлы, Матуриди ақидасы (Пайғамбарларға иман), «Көкжиек» баспасы, Алматы. – 2011. 176 бет. 85-бет.
[3]Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, 2008.11-том, 361-бет.
[4]Ахмад ибн Әли ибн Хажар әл-Асқалани, Фатхул бари фи шархи сахих әл-Бұхари, «Мактабатул малик» баспасы, Рияд. – 2001. 6503-хадис.
[5]Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, 2005.4-том, 273-275 бет.
[6]Әбу Мансур әл-Матуриди, Китәбут таухид, «Дәру садыр» баспасы, Байрут. – 2007. 538 бет. 262-бет.
[7]Әбу Мансур әл-Матуриди, Китәбут таухид, «Дәру садыр» баспасы, Байрут. – 2007. 538 бет. 276-бет.
[8]Әбу Мансур әл-Матуриди, Китәбут таухид, «Дәру садыр» баспасы, Байрут. – 2007. 538 бет. 279-280 бб.
[9]Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, 2009.14-том, 165-бет.
[10]Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, 2005.3-том, 305-бет.
[11]Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, 2008.11-том, 152-бет.
[12] Әбу Мансур әл-Матуриди, Китәбут таухид, «Дәру садыр» баспасы, Байрут. – 2007. 538 бет. 287-бет.
[13]Әділбаев А., Әділбаева Ш, Шапағат шамшырағы – әз Мұхаммед (саллаллаһу әлейһи уә сәллам), «Көкжиек» баспасы, Алматы – 2013. 200 бет. 17, 23 бб.
[14]Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, 2005.1-том, 267-бет.
[15]Әділбаев А., Әділбаева Ш, Шапағат шамшырағы – әз Мұхаммед (саллаллаһу әлейһи уә сәллам), «Көкжиек» баспасы, Алматы – 2013. 200 бет. 60-бет.
* Тәбиғат істері сияқты сезілетін мұғжизалар.
* Құран сияқты ақылды жұмсау арқылы түсінетін мұғжизалар.