Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіген және басқа сезім мүшелерімен сезген нәрселерге ой жүгіртіп, ақылды орынды пайдалануымен ғана діннің рухын, ақиқатын түсінбек. Яғни, адам осы ағзалар арқылы бұл әлемдегі көзге көрінген нәрселер мен көзге көрінбейтін метафизикалық әлем арасында тығыз байланыстың барын ұғады. Қасиетті Құранда, «Ақыл» мағынасын беретін немесе ақылды қолдануға шақыратын «Улул әлбаб, фәһім, хикмет, әбсар, тәдәббур, тәфәккур, назар, рушд және қалб» сынды әртүрлі сөздерді кездестіруге болады. Ақылды дұрыс қолдануды шарт ететін бұл сөздердің барлығы, адам баласына берілген ой-сананың орны ерекше екенін көрсетеді. Алайда, ақыл мен сезім мүшелері шектеулі болғандықтан, бұларды дұрыс пайдалану үшін Құран, сүннет және ижмәғ қатарлы дін негіздерін басшылыққа алу діннің міндеті екенін де білген жөн.
Имам әл-Ғаззали: «Ақыл – көз, Құран – күн тәрізді. Күн жарығында көздің жақсы көретіні сияқты ақиқатты түсінуде Құран негізінде ақылды пайдалануға мұқтаждық бар. Тек Құран жеткілікті деу күндіз көзді жұмып жүргенмен бірдей. Ал, тек ақыл жеткілікті дейтіндер де қараңғы жерде бейне бір жарық іздеген адам тәрізді. Бұл екі түрде азғындыққа апарады. Сондай-ақ, шариғат пен ақыл бір-бірін толықтырып, кемелдендіріп келген екі нұр»[1] деген.
Имам Матуриди, Құрандағы: «Әр нәпсіні және оны (жаратылыстың мәні мен мақсатын ұғынып, соны жүзеге асыра алатындай) қабілетті етіп, жүйеге салғанға (серт!). Содан соң оның көкейіне күнәнің не екенін әрі одан сақтану жолдарын салып, білдіргенге серт!» (Шәмс сүресі, 7-8 аят) деген аяттың тәпсірінде: «Алла Тағала тақуалық жолдарын баяндап, күнәлі істерден сақтандырды. Сөйтіп, адамға көретін көз, ұстайтын қол, жүретін аяқ және ақыл сынды мүшелер беріп, толық қабілетке лайық етті. Бұл ағзаларымен жақсы мен жаманды ажыратады. Ізгі амалдарына сауаптың, күнәлі істеріне азаптың барын біле алады. Бізде ақыл, әрбір нәрсенің жақсы яки жаман екенін толық біле алмайды. Ақыл, ол нәрселерді Елшілер (с.а.с) баяндап кеткен хабарлар арқылы толық біле алады»[2] деп, әрбір нәрсенің жақсы яки жаман екенін білуде ақылдың Елшілер (с.а.с) баяндап кеткен хабарларға мұқтаждығын, сол хабарлар негізінде ой жүгірту арқылы діннің мәнін түсінуге болатынын айтады.
Имам Матуриди, Құран аяттарын түсіндіру барысында аяттың терең мәніне баса назар аудара отырып, нас (Құран және сүннет) пен ақылды бір-бірімен сабақтастырып көзқарасын білдіреді. Тіпті, өзінің Құран кәрімге толығымен түсіндірме жасаған «Тәуилатул Құран» (Құранның астарлы мәні, жорамалы) атты сүбелі еңбегінде осы ақылға көбірек көңіл бөлгенін «Тәуилатул Құран» деп атауынан да көруге болады. Сондай-ақ, қолда бар бұл көлемді еңбектің аты айтып тұрғандай, Жаратушы Алла Тағаланың Ұлылығы мен Даралығын дұрыс түсінуде Құран аяттарының сырына үңілудің маңыздылығын ашық баяндайды. Мысалы: мүтәшабиһ аяттағы сөздің ауыспалы бірнеше мағынасының арасынан мүхкам аяттардың мәніне, діннің рухына лайықтысын беруде ақылды басшылыққа алады. Ал, аяттың мәнін кең түсіндіруге қатты қажеттілік болмаса, қысқа түсіндіріп өтеді. Міне, осы тұрғыдан Құран кәрімге толықтай түсіндірме берген еңбегін «Тәуилатул Құран» деп атады.
Құрандағы мүтәшабиһ аяттардың саналы адам баласы үшін екі дүние бақытына қауыштыратын хикметтері де бары анық. Өйткені, Құран – білім иелері де, көпшілік халық та түсіне алатын қасиетті кітап. Қасиетті Құранда: «Алланың қолы (құдіреті) олардың қолының үстінде» (Фатых сүресі, 10-аят) сынды мүтәшабиһ аяттарда да Раббысын белгілі бір болмысқа ұқсату арқылы ғана бағамдай алатын, қарапайым халықтың түсінік деңгейі де қарастырылған. Бірақ, бұл Алла Тағала дене-мүшеге мұқтаж немесе біз білетін жаратылыс формасына ұқсайды дегендік емес. Сонымен қатар, Алла Тағаланың адам баласына берген теңдессіз нығметі болған ақылды тиімді пайдалануға да тигізер пайдасы мол. Себебі, Құранды оқыған адам мағынасы анық мүхкам аяттармен қатар, мағынасы бұлыңғыр мүтәшабиһ аяттарға кезіккенде, «Бұл аят не демекші, мәнісі қандай?» деп ой жүгірте бастайды. Аяттың бәрі мүхкам болғанда ақылға да бір қажеттілік қалмас еді. Шәкәрім Құдайбердіұлы бір өлеңінде:
«Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық,
Ақылдың шолғыншысы – ойқұмарлық.
Таза талап талпынып ойды айдаса,
Байқалар көрнеу, таса, жоқ пен барлық.
Азат ақыл ойланбай мида жатса,
Шіріп, тозып тартқызар ол бір зарлық» деп, ақылды ұштайтын терең ой болса, жанылмаған ақыл азапқа, күпірлікке апаратын себептердің қатарына жатқызады. Терең ойлану жаратылыс сырын ұғуға жол ашады. Нәтижеде, ақыл иесі болған адам баласы, жаратылыс – Жаратушы Хақты танытар бірден-бір айғақ екенін ұғады.
1) Жаратылыс жайлы аяттар
Имам Матуриди, Құрандағы: «Аспан әлемі мен жердің жаратылысында, түн мен күннің алмасуында, адамдардың пайдасы үшін теңізде жүзген кемелерде, Алланың аспаннан жауын жаудырып, сол арқылы өлі жерге жан бітіруінде, жер бетіне жайған барлық тіршілік иелерінде, желдердің мың құбылып соғуында және аспан мен жердің арасындағы Алланың әмірінде болған бұлттарда ақылға салып ойлана білетін қауым үшін сан алуан дәлелдер бар» (Бақара сүресі, 164-аят) деген аяттың тәпсірінде: «Алла Тағала мол пайдасы бар аспан мен жерді жаратты. Жерде аспандағы жұлдыздар жол бағдар шамы қылынды, күн көзімен бүрлеп жеміс-жидектер өсті, жаңбыр суымен жерден азық-түлік, сусын және киімдер берілді. Жаратылыс игілігі үшін ол екеуін өзара тығыз байланыста қылды. Екеуінің осындай жүйелі қызмет етуі басқарып тұрған бір Жаратушының барына дәлел. Сол сияқты күндіз тіршілік етуге, ал түнде рух пен денені демалдыруға лайықталып өзара бір ұзарып, бір қысқарып, бірін-бірі қуалап алма-кезек ауысуында да Жаратушы Заттың жалғыз екеніне дәлел. Қыс кетіп, жаздың келуімен өлі жер тіріліп, адамдардың игілігі үшін әлемнің бір түрден екінші бір түрге ауысып тұруының бәрі Жаратушы тарапынан басқарылып тұрған жаратылыс екенін көрсетеді. Әрі ақыретте қайта тірілудің, өлімнен кейінде өмірдің барын білдіреді. Күнделікті қараңғылық басқан түннен кейін жарқыраған күндіздің келуі де өлімнен соң өмірдің барын білдіріп тұр. Бұның бәрі Жаратушының жоқтан барды жаратқаны тәрізді өлгеннен соң қайта тірілте алатынына дәлел, кездейсоқ іс емес.
Кеме теңізде ауыр жүкті көтеріп жүзуден бұрын жәй бір ағаш еді. Кейін сол ағаштан адамдар кеме жасап, теңіздерде саяхат етуі де бұл әлемнің бір Ұстасы барына дәлел. Сондай-ақ, алай-дүлей соққан желдердің теңіздегі кемелер мен бұлттарды айдау сынды көп деген пайдаларымен қатар, Алланың азабын ескерту жағы да бар. Міне, бұлардың барлығы ой жүгірткен ақыл иелері үшін әрбір жаратылыста Алланың құдіреті күшті жалғыз Жаратушы екенін көрсететін сан алуан айғақтар»[3] деп, наста (Құран, сүннетте) ақылға кең орын берілгенін, ақылы толық адамның жаратылысқа қарап Жаратушысын тануға мүмкіндігі бар екенін айтады.
Имам Матуриди бойынша, дәлелдік күшке ие ақыл, ол – жалаң ақыл емес. Ой жүгірту арқылы дәлелдік дәйектерге сүйенген ақыл. Немесе Құран аяттарында дәлел ретінде білдірілген ақыл. Құран әуелі, адам ақылын жаратылыстың хикмет сырларына аударады. Содан кейін ақыли таразыдан өткізуге шақырады. Соңында да нақты дәлелге тоқтауды ақыли дәлел деп түсіндіреді. Міне, бұл имам Матуриди ұстанымы.
2) Құрбан
Имам Матуриди, адам тәбиғатына теріс болған істерге де ой жүгіртіп, сол істің хикметін насты бсшылыққа алған ақылдың шешімі негізінде қарастыруға шақырады. Бұған мысал ретінде құрбан шалу мәселесін келтіруге болады. Ол, Құрандағы: «Сен де Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал!» (Кәусар сүресі, 2-аят) деген аяттың тәпсірінде: «Алла Тағала адам тәбиғаты қаламаған құрбан шалу ісімен құлшылық жасауға әмір етті. Құрбан – бір хайуанды өлтіруден тұратын құлшылық. Бір жануарды өлтіріп, қанын ағызу адам тәбиғаты тыжырынып, қаламайтын іс-әрекет. Алайда, Алла елшісі (с.а.с) адамдардың ең мейірімдісі бола тұра Алла разылығы үшін құрбан шалу ісімен сыналды. Сөйтіп, Раббысы үшін жүз құрбан шалды. Алпысын өз қолымен, қырығын да Әлиге (р.а) шалдырды»[4] деп, құрбан шалу мәселесіне ой жүгірткен адам оның көптеген хикметтерін байқай алатынын айтады.
Құрбандық әуелі, аталмыш аятта ашық бұйырылған Алла Тағаланың әмірі. Алла елшісі Мұхаммед (с.а.с) да бір хадисінде: «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын»[5] деген. Міне, аят, хадистерге сүйене отырып, Ханафи мәзһабының ғалымдары мүмкіндігі болған жанға құрбан шалудың уәжіп екенін айтады.
Екіншіден, құрбан шалған адамның өзіне де, қоғамға да тигізер рухани және материалдық пайдасы көп. Мысал ретінде кейбірін келтіре кетейік.
– Адамның мал-дүниесі өзіне ыстық. Сол малының жақсысын құрбан ретінде шалу арқылы дүние-қоңыздық сияқты жаман қылықтардан тазарады.
– Құрбанның етін кедейлерге және де басқа мұқтаж жандарға тарату арқылы адамзат арасындағы өзара сыйластық пен сүйіспеншілік нығая түседі.
– Құрбан шалу – Ибраһим пайғамбардан (а.с.) жалғасып келе жатқан сүннет. Ибраһимнан (а.с.) жағасып келе жатқан бұл сүннет – түрлі үмметтердің басын біріктіретін құлшылық түрінің бірі.
– Жыл бойы миллиондаған мал сойылып жатады. Алайда, сол сойылған малдардың етінің қаншасы кедей-кембағалдардың үлесіне тиіп жатқаны беймәлім. Ал, Алла үшін шалынған құрбанның еті негізінен осындай кедей-кепшікерге беріледі.
– Құрбандыққа шалынған малдардың еттерін тарату арқылы Исламның даналығын көрсету, күллі адамзаттың көңіліне асыл дініміз Исламға деген жылылық сезімін ояту көзделеді.
Демек, жер жүзінің халифасы болған адамзаттың өкілдік мөрі – ақылы. Адам сол мөрі арқылы әлемнің жаратылысындағы құбылыстарын зерттей отырып, түбінде әлемнің Иесін Жаратушысын табады. Сол танымының аясында әрдайым игі істің басы-қасында табылады.
Абдусамад ОҚАН,
исламтанушы
[1] Осман ОРАЛ, Матуридиде ақыл ве жаратылыс хикметі, Нижмеддин Ербакан университеті иләһият факултесі дергисі, 40. 2015 ж. 139-158 бб.
[2] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, 17-тoм, 221-223 бб.
[3] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, 1-тoм, 295-302 бб.
[4] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, 17-тoм, 453 бет. 347-345 бетте.
[5] Ибн Мәжә, Әдахи/2.