Дінді жалғанға шығарғандардың азапталуының Алланың әділдігі екендігі, Аллаға иман келтіріп ізгі амал істегендердің де мол сауапқа кенелетіндігі жайында келген аяттар (Һуд, 101; Қамар, 34,35) мен бұрынғы пайғамбарлар қауымының басынан кешкен қиын жағдайларын мысалға келтіре отырып ислам сенімдерінің Жалғыз Жаратушыға (Фатыр, 25-26; Әнбия, 88; Рум, 47) иман етуге шақырады. Яғни, пайғамбарлар насихаттаған діндерде сенім мәселесіне қатысты қандай да бір өзгешелік пен қарама-қайшылық жоқ. Барлық пайғамбарлардың діни сенім негізі – бір Аллаға ғана құлшылық ету, таухид сенімінде болу. Ал басқа діндердің шариғи заңдылықтарындағы кейбір тармақ мәселелерінің ислам шариғи заңдылықтарымен сәйкес келмеуі – адамдар тарапынан діни шарттармен нормаларға өзгеріс енгізуден барып туындағаны мақалада айтылады.
Ислам доктринасы: Адам баласы Жаратушы иесі Алла Тағалаға деген күдіксіз сенімін көңілінде берік орнықтырмай кәміл мүмін болмайды. Имам Матуриди: «Олардың: «Әттең! Біз (дүниеге) қайтарылсақ, Раббымыздың аяттарын өтірікке шығармай, сенушілерден болар едік» дейді» (Әнғам сүресі, 27-аят) деген аят туралы: «Расында иман, ол тек тасдиқ. Өйткені, олар азапты көздерімен көріп, қорыққан сәттерінде Алла разлығы көзделмеген амалдарынан бір пайда жоғын, таза сенім ғана көмек беретінін ұғады. Яғни, иман – жүрекке орныққан сенім екенін біледі. Бұл, көлгірсіген жалғандықтың антонимы болған ақиқат»[1] деп, адамның сенімін бұл дүниедегі әрбір ісімен байланыстырып, мүмін, ол –әрдайым ізгілікті жақтайтын жан екенін ескертеді.
Асылында адамзатқа жіберілген діндердің негізі де, діттеген ұлы мақсаты да бір. Бұл ұлы міндет қасиетті кітаптардың барлығында «ислам» діні болып танытылды. Бейбітшілік мағнасын беретін «ислам» ұғымы бейбіт өмір сүруге шақырды. Имам Матуриди, Мекке кезеңінде түскен Құрандағы: «Алла: «Дінді дұрыс түсініп, дұрыс тұтыңдар һәм дінде жік-жікке бөлінбеңдер», – деп, Нұхқа шегелеп тапсырған негізгі ұстанымдарды, өзіңе уахи еткенімізді һәм Ибраһимге, Мұсаға және Исаға да тапсырған негізгі ұстанымдарымызды сендер үшін де дін етіп бекіттік» (Шура сүресі, 13-аят) деген аяттың түсіндірмесінде: «Алла Тағала «Дін» сөзін танымал, ешкімге көмескі болмаған «Әлиф-ләм» әріптерімен атап көрсетті. Әрі сендерге Нұх және Ибарһимге (а.с) берілген діндердің жиынтығын бекіттік деді. Ол дін – Алла Тағаланы бірлеп, Оған ғана құлшылық жасау. Сондай-ақ, бүкіл пайғамбарлар Хақ дінге (исламға), тәухид сеніміне шақырды. Ешқайсысы, өзінен бұрынғы пайғамбардың жеткізген дінін (тәухид сенімін) жоққа шығармады. Ал, үкімге қатысты шариғи мәселелер ортаға қарай түрлі болуы мүмкін»[2] деп, иләһи діндердегі сенім мәселесінің ешбірінде қарама-қайшылықтың болмағанын айтады.
Тағы бір жерде Құрандағы: «Сен пәк сенім таухидті берік ұстанған күйде Ханиф дінге (исламға) жан-тәніңмен бет бұр! Бұл сондай дін – Алла күллі адамзатты соның негізінде, соған сай етіп жаратты. Алланың жаратқаны өзгермейді, оны өзгерту мүмкін емес. Нағыз хақ, мінсіз дін, міне, осы. Алайда, адамдардың көбі мұны білмейді» (Рум сүресі, 30-аят)деген аятты түсіндіру барысында: «Адам баласының жаратылысы, оның дүние есігін ашқан сәтінен бастап анасының ақ сүтімен қоректену арқылы есейіп, ержетуі, бәрі де Жаратушының хақ әрі бір екенін айғақтайды. Ендеше, ханиф болған ислам дініне бет бұрыңдар деген әмірі күллі адамзатқа ортақ үндеу. Сондай-ақ, адам жаратылысында (бір тектен тараулуында) өзгерістің болмағаны сияқты Алланың дінінде де әртүрлілік жоқ»[3] деген.
Матуриди, ханиф дінді «ислам діні» деп түсіндіру арқылы үмметтер арасын жалғайтын ортақ нәрсені қозғайды. Ханиф дін – Ибраһимның (а.с) діні. Ибраһим (а.с) бүкіл пайғамбарлардың атасы саналды. Кітап иелері де, мұсылмандар да Оның жолында екендіктерін бір ауыздан мақұлдайды. Бұл үмметтер арасындағы сыйластықты, бір-біріне құрметпен қарауды арттыратын негізгі фактор болмақ.
Имам Матуриди, дінге шақырудағы басты принцип ретінде Құрандағы: «Дінде (хақ дінді үгіттеуде) зорлық жоқ» (Бақара сүресі, 256-аят!)деген аятты негіз ете отырып, дінді қабыл еткізуде зорлық жүрмейді. Өйткені, иман – жүректердің ерікті қалауымен пайда болатын сенім жиынтығы. Мәжбүрлеу екі жүзділікке апаратын нәрсе дейді[4]. Ол, бұл көзқарасын: «Міне, солар (пайғамбарлар) Алланың тура жолға салған құлдары. Ендеше, сен де солардың тура жолына түс» (Әнғам сүресі, 90-аят)деген аяттың тәпсірінде: «Тура жол мағынасын беретін «Һуда» сөзі адам сенімінің атауы. Бұл іс-қимылдан тұратын құлшылық мәселесін білдірмейді. Сол себепті, намаз, зекет және ораза сияқты құлшылықтарды орындамаған пендені адасылушылықта, тура жолды таппаған делінбейді»[5] деп, діндегі еркіндіктің ауқымы кең екеніне де тоқталады.
Имам Матуридидің жоғарыда келген көзқарасынан түйеріміз, күллі адам баласы жалғыз Жаратушыға ғана иман етуге бұйырылған. Соған қарамастан, исламда «Дінде зорлық жоқ» қағидасы басты рөлге ие. Әрі бұл аяттардан адам баласы өзге жаратылыстардан ақыл-ойымен, ерік-қалауымен ерекшеленетінін, әрі осы дүниеде әркім өз ерік-қалауын толық пайдалана алатындығын көреміз. Адамдардың өзара «Сіз» бен «Біз» ден тұратын сыйластық ұстаныммен өмір сүруі Хақ діннің сыйы екенін ұғамыз.
Ислам құқығы: Шариғат сөзі – тура жол, дін, үммет, сүннет, мәзһаб және жануарлар су ішетін суат сынды мағыналарды білдіреді[6]. Шариғат – Жаратушының тура жолы, діні және адамдардың қажеттілігіне қанағаттанарлық жауап беретін Жаратушының құқықтық заңы. Біздің тілге тиек етпек болып отырғанымыз да шариғат сөзінің құқықтық жағы немесе ислам құқығы.
Шариғат үкімдеріне қатысты үкім аяттар негізінен Мәдина кезеңінде түскен. Бұл аяттар бұрынғы үмметтерге міндеттелген шариғат үкімдерінің кейібірін кемелдендіріп толықтырса, енді бір бөлігінің үкімін жойды. Сондай-ақ, «Құран, бұрынғы иләһи кітаптарды тасдиқтап (растап) келді» делінуі, Құранда сол кітаптардағы мағыналар мен үкімдердің де ислам шариғатында қамтылғандығын, онда күллі жаратылыс жағдайларының үкімін толықтай қанағаттандыратын иләһи заң екендігін байқаймыз. Мысалы: бұрынғы үмметтерге де діннің негізі болған намаз, ораза, зекет және қажылық сияқты мағынасы бір, мезгілі әртүрлі болған құлшылықтар парыз болғанын Бақара сүресі, 183-аяты сынды аяттардан байқауға болады.
Имам Матуриди, Құрандағы: «Кезінде Исрайыл ұрпақтарынан: «Аллаға ғана құлшылық етесіңдер, ата-анаға, туған-туысқа, жетімдерге және пақыр-міскіндерге жақсылық жасайсыңдар, жұртқа жақсы сөз айтасыңдар», – деп уәде алған едік, сондай-ақ оларға: «Намаз оқыңдар, зекет беріңдер!», – деп те бұйырған едік. Алайда, (әй, Исрайыл ұрпақтары), көп ұзамай-ақ араларыңдағы ат төбеліндей аз адамнан басқаларың уәделеріңнен тайқып кеттіңдер. Сендер ежелден уәдеде тұрмайтын бәтуасыз қауымсыңдар» (Бақара сүресі, 83-аят) деген аятқа тоқтала келіп: «Бұл ислам шариғаты көне діндердің шариғатын бүкілдей жоқ етті деген мағынаны білдірмейді. Керісінше, дін негіздері саналатын намаз, зекет, ораза, қажылық сияқты ғибадаттар мен халал, харам, әділдік және адам құқығының қорғалуы сынды үкімдер ислам шариғаты келуімен жаңаланып, бір саты кемелденді»[7] десе, тағы бір жерде: «Оларды әміріміз бойынша адамдарға тура жолды нұсқайтын жолбасшы көсем қылдық. Сөйтіп, оларға игі істер істеуді, намаз оқуды және зекет беруді уахи еттік. Олар Бізге жан-тәнімен құлшылық ететін жандар еді» (Әнбия сүресі, 73-аят) деген аяттың тәпсірінде: «Бүкіл пайғамбарлар адамдарды Алланың дініне шақырып, Оның әмірін орындауға бұйырылды. Олардың шариғаттарында да намаз және зекет ғибадаттары болды»[8] деген.
Аталмыш шариғи үкімдер күллі адам баласына ортақ Жаратушының жүйелестірген заңы. Сол себепті, бұл заңдар Хақ дін талабына сай іске асырылуы талап етілді. Бұл Жаратушы тарапынан келген шариғаттың біреу болғанын дәлелдейді. Ислам діні – діндердің ең соңғысы әрі өзінен бұрын келген шариғаттарды толықтырушы. Оған дәлел, ғасырлар бойы адам санасын сан-саққа жүгірткен жүз түрлі сұраққа ислам шариғатының әр заманның талабына сай, мың түрлі жауап таба білуінде. Ислам шариғатының шығарған үкімдерінің ақиқат екені күнімізде де дәлелденген үстіне дәлелдене түсуде.
Иләһи діндерде діннің негізі болған сенім, парыз құлшылық және әділдік сынды мәселелерде ұқсастық болғанын байқадық. Ал шариғат үкімдерінің тарихи және әлеуметтік жағдайларына қатысты әр үмметтің өзіне тиесілі шариғат заңдылығы да болды. Бұл туралы имам Матуриди, Құрандағы: «Әр үмметке өзіне тән шариғат һәм жол белгілеп бердік. Егер Алла қаласа, барлығыңды бір ғана үмбет қылар еді. Алайда, Ол әрбіріңді өзіне берген (Кітап) арқылы сынау үшін осылайша әр алуан үмбет етіп жаратты» (Мәйда сүресі, 48-аят)деген аятқа түсіндірме беру барысында: «Алла Тағала әр үмметтің өз шариғаты болғанын білдіргенімен, бұрынғы үмметтердің шариғатымен үкім шығаруға тыйым салды. Өйткені, ол шариғаттар ислам шариғаты келуімен үкімі жойылды»[9] деп, бұрынғы үмметтердің шариғи үкімдерінің ислам шариғаты келуімен үкімі жойылғанын ескертеді.
Көне шариғаттағы үкімі жойылған мәселелерден бірер мысал келтірер болсақ, қанды қолдың жазасы. Имам Матуриди, нахақтан-нахақ кісі өлтіру мәселесінде сендерге қысас-кек парыз етілді. Ал кімде-кімге өлген бауыры үшін кешірім беруіне немесе өлген адамның құнын талап етуіне рұқсат. Міне, бұл – Раббыларың тарапынан жасалған жеңілдігі (Бақара сүресі, 178-179 аят) деген мағынадағы аяттарға түсіндірме беру барысында кейбіреулердің: «Тәуратта қанды қолдан қысас алудан басқа кешірім жолы жоқ, ал Інжілде қанды қолдан кек алу немесе құн төлетуге болмайды, тек қана кешірім жасалынады» деген көзқарастарына келіспейтінін білдіріп, Құранда өлген адамның жақындары кек алу, құн төлету немесе кешірім ету жолдарының бірін таңдай алатынына тоқталады. Сөйтіп, Тәуратта да кек алумен бірге кешірім етуге болатынына Мәйда сүресінің 45-аятын: «Тәуратта оларға мына үкімді жаздық: Жанға жан (нахақ кісі өлтіргенге өлім жазасы), көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және сол сияқты жарақаттаудың барлық түрінде осылай бірге-бір қысас жасалады. Ал кімде-кім қысас жасап кек алмай-ақ кешірім етсе, бұл ол үшін күнәларының өтемі болады. Кімде-кім Алланың түсіргенімен үкім шығармаса, міне, солар нағыз залымдар» деген аятты дәлел қылады[10].
Имам Матуриди, кейбіреулердің иләһи кітаптардағы кейбір мәселелер төңірегінде қисынсыз, нақты дәлелдерге сүйенбестен үкім берулерін хикметке жатқызбайды. Бұрынғы иләһи кітаптардың үкімін бұрмалап, дінде шектен шығуға жол жоқтығын ескертеді. Тіпті, бір адамды өлтірген қанды қолға өлім жазасы немесе құн төлету яки кешірім көрсетудің өзінде көптеген хикметтер барын алға тартады.
Демек, адамзатты екі дүниеде де бақытты болуға жетелейтін ислам діні – орта жолды ұстанды. Жекелеген тұлға мен қоғамға қандай да бір зияны болған нәрседен сақтандырып, игілігі мен пайдасы болған нәрсеге ұмтылдырды. Адамның ой-санасын дамытып, денсаулығын жақсартатын түрлі спорт ойындары мен ғылым салаларын, қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсартып, саяси өмірін ретке келтіретін құқықтық мәселелерге шақырды. Сондай-ақ, ғылым мен техника ғарыштап дамыған сайын ислам шариғатының да адам қажеттілігіне тұшымды жауап беріп, мәселелерді жан-жақты қарастыруы, оның – Жаратушы тарапынан бекітілген заң екендігін айғақтай түсті.
Қорыта айтар болсақ, Хақ діннің барлығы бүкіл әлемді жоқтан бар еткен бір Жаратушыға иман етуге шақырады. Ислам сол діндердің кемелденген қорытындысы болып табылады. Ал, ислам шариғатының бұрынғы діндердегі кейбір шариғат үкімдерін мәнсуқ етуінің себебі болса, адамзат игілігіне кереғар үкімдердің ортаға шығуы еді. Міне, осы тұрғыдан иләһи діндер, адамзаттың бір-біріне құрмет көрсете отырып бейбіт өмір сүрулерінің, дінаралық және ұлтаралық татулықтың нығая түсуінің негізгі ошағы саналмақ. Сол себепті, терроризм, экстремизм сияқты қатерлі идеологиялардың алдын алуда Ханафи мәзһабының жалғасы болған Матуридилік ұстанымды дұрыс жеткізудың маңызы зор. Оның ең басты шарты – қоғам тыныштығы, ұлттық бірлік. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында айтқанындай: «Мәңгілік елге айналуымыз үшін еліміздің саяси және діни-рухани идеологиясында қарама-қайшылық болмауы қажет». Осы тұрғыда дана халқымыздың: «Өткенің түгенделмей, бүгінгің бүтінделмейді» деген сөзінен ғибрат ала отырып, атадан мирас болып келе жатқан қазағымыздың рухани бағыты Матуриди ұстанымның терең зерттелуі, келелі келешегіміздің баянды болуының нышаны демекпіз.
Абдусамад ОҚАН,
исламтанушы
[1] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Стамбул. – 2005-2010. 5-том, 40-бет.
[2] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Стамбул. – 2005-2010. 13-том, 175-бет.
[3] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Стамбул. – 2005-2010. 11-том, 186-187 бет.
[4] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Стамбул. – 2005-2010. 1-том, 159-бет.
[5] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Стамбул. – 2005-2010. 5-том, 137-бет.
[6] Әл-Мунжид фил-Луға уәл әғлам, «Дәрул Машриқ» баспасы, Байрут. – 2003. 974 б. 383-бет.
[7] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Стамбул. – 2005-2010. 1-том, 169-бет.
[8] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Стамбул. – 2005-2010. 9-том, 301-бет.
[9] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Стамбул. – 2005-2010. 4-том, 244-245 бет.
[10] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Стамбул. – 2005-2010. 1-том, 328-бет.