Жауап: Қажылыққа жағдай туындап тұрған кезде яғни, баруға материалдық жағдай бар жылы бару – парыз. Кешіктіру құптарлық іс емес. Алайда, ханафи мәзһабында Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, мойынға парыз болған жылы бармай, кейінгі жылдары қажылық міндетін атқарса, кеш болса да міндетінен құтылады, ақыретте жауапқа тартылмайды. Әрине, мына жағдайды да ескеру қажет. Егер қажылық мойынға парыз болып тұрған жылы бармай, кейінгі жылдары материалдық жағдайы нашарлап кетсе немесе ажалы келіп, қайтыс болып кетсе қажылық міндеті мойнында қарыз болып қалады. Сондықтан, болмашы себептерге бола Исламның бес парызы, ерекше бір құлшылық түрі саналатын қажылық міндетін бірінші кезекте атқарған жөн.