Бүгін Мәскеу қаласындағы Бас мешітте, Мемориалды және Тарихи мешіттерде, сондай-ақ арнайы бөлінген орындарда өткен айт намазына жиналған мұсылмандардың саны 200 мың адамнан асты. Бұл былтырғы көрсеткіштен 50 мың адамға аз.
Соның ішінде Бас мешіттің өзіне 80 мыңдай адам жиналды. Ал былтыр бұл жерде намаз оқығандар саны 105 мыңнан асқан еді.