Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған ресми сапары барысында Баянауыл ауданында орналасқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесін зиярат етті.
Бас мүфти ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы, асыл дінімізді насихаттауға өлшеусіз үлес қосқан Мәшһүр Жүсіп ғұламаның рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Сонымен қатар еліміздің игілігі мен халқымыздың амандығы үшін дұға етті.
Зиярат барысында арнайы құрбан шалынып, дін қызметкерлері Жаратқаннан жұртымыздың амандығы мен тыныштығын тіледі.