Сұрақ: Марқұмдарға қатысты жаман сөз айтуға бола ма?
Жауап: Алла Тағала өмірмен қатар өлімді де жаратты. Тумақ бар жерде өлмек бар. Қайтыс болған адамды діни рәсімдерін орындап ақтық сапарға шығарып салу – мұсылманның міндеті. Адам істеген амалына қарай ақыретте нәтижесін көретіні хақ.
Шариғат өлген кісіні балағаттауды, оған қарғыс айтуды құптамайды. Айша анамыздан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Өлілерді балағаттамаңдар! Шындығында, олар өздерінің істегендерінің есебіне қарай өтті», деген.
Икрам АЙТАЕВ