2021жылы 8-шілдеде Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Дерадикализация және оңалту үдерістері” тақырыбы бойынша имамдар мен теологтарға семинар-тренинг өтті.
Семинарға Нұр-Мүбарак университетінің PhD докторанты, «Исламтану» кафедрасының аға оқытушысы Стамбакиев Нұржан шақыртылды.
Семинарда қоғамда пікірталас тудырған діни мәселелердің бірі – намаз оқымайтын адамның үкімі талқыланады. Тақырыпқа қатысты әһлу сунна ғылымдарының ұстанымы басқа көзқарастармен салыстырыла отырып, теологиялық, діни-құқықтық тұрғыда түсіндірме берілді.
Сонымен қатар діни мәселеде әртүрлі көзқараста болу (ихтилаф) талас-тартысқа, жанжалға (хилаф) ұласса, қоғам тұрақтылығына сызат түсіреді. Ал тұрақтылық пен бейбіт өмір – баға жетпес байлық әрі үлкен нығмет. Осы орайда қоғамда кейбір дін ұстанушы тарапынан туындайтын қатердің алдын алу, шетін топ өкілдерін оңалту жұмыстарына үлес қосу мақсатында, ортада діни алауыздыққа себеп болып «Намаз оқымайтын адам – КӘПІР» дейтіндерге жауап” атты кітабында жеткізілгендігі айтылды.
Формирование современного штата профессиональных имамов обладающих кроме религиозных знаний, еще и светским образованием – это необходимость современности. Данный шаг позволит эффективно противостоять проповедникам деструктивных течений, получивших зарубежное теологическое образование, а использование имамами информационных технологий улучшить работу с молодежью
Діни ахуалды тұрақтандыру мақсатында имам кадрларына ұдайы назар аудару қажет
Кәзіргі таңда осындай жиналыстар жиі өткізілгені дұрыс,діни ахуалды тұрақты ету мақсатында көптеген жұмыстар жасау керек
Считаю, что очень правильным теологам и имамам нужно проводить семинары в таком формате
Намаз оқымайтын адам кәпір дейтіндер біреудің ішкі дүниесіне кіріп, шекарадан шығу болып табылады деп ойлаймын. Діни сауатты адам дінді қорғайды.
Радикалды жат ағымға санасы уланған адамдармен жұмыс жасау төзімділікті, білімділікті талап етеді. Оңалту жұмысы мысалға Жусан аруы байқауы әйел азаматшалардың қоғамға қайта оралуына өз пайдасын тигізуде.
Қоғам арасында тараған түрлі керағар көзқарастарды түзетуде, мамандардың қатысуымен осындай семинар, жиналыстар көптеп өткізілуі қажет.
Повышение личных знаний и компетентности это всегда хорошо. Надеюсь подобное будет проводиться чаще
Онсызда қарбаласы көп қоғамда қате түсініктер таралып кетпес үшін осындай семинарларды ұдайы өткізудің маңызы зор. Діни білімі таяз “көлденең көк аттыдан” сұрағанша, осындай семинарлар арқылы көптеген көкей тесті сұрақтарға жауап табуға болады.
«Дерадикализация және оңалту үдерістері» тақырыбы бүкіл мұсылман елдерінің мықтап қолға алған тақырыбы десек артық айтқан бола қоймас. Себебі, қай қоғамда болмасын талқыланып жатқан осы тақырыптың өзектілігі артып барады. Бұл кездесу кездесудің қатысушылары үшін үлкен бір тәжірибе алмасу және білім арттыру болғанына сенімдімін!
Маңғыстаудағы имамдар мен теологтардың бірігуімен өткен семинар еліміздің барша өңірінде өткізілгені дұрыс.
Жақсы екен, осындай семинарлар арқасында көптеген діни пробелемалалар шешілуде. Әсіресі батыс Қазақстан жеріне нағыз керекті семинар.
Осындай семинарларды онлайн өткізсе көптеген халыққа жетер еді, сол жағынан қарастырса дұрыс деп ойлаймын.
Қазақта “ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде” дейді. Санасы жат ағымның идеясымен уланғандарды көбейтпес үшін, алдын алу шарасы ретінде өткізілетін мұндай шаралардың берері көп.
Діни ахуалды тұрақты түрде ұстап отыру үшін осындай семинарлардың маңызы зор. Себебі, қоғамда екі жақты пікірталас тудырып жүрген сұрақтардың жауабы талқыланып,үкім шығарылады. Еліміздің барлық өңірлерінде тап осындай семинарлар өткізгеннің артығы болмас?
Діни ахуалды тұрақтандыруда мамандармен өткізілетін осындай іс-шаралардың маңызы өте зор
Осындай семинарларды онлайн форматта ұйымдастырса және уақытын алдын ала айтса, интернет желілерге жарияласа, халыққа пайдары тиері зор..