Жыл соңында Маңғыстау облыстық “Ана мен бала” перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұнайлы ауданының тұрғыны, 35 жастағы көпбалалы ана дүниеге үшемдерді әкелді. Жолдасы екеуі де жергілікті әуежайда жұмыс істейді. Олар бұған дейін 4 баланы тәрбиелеп отырған болатын.
Жаңа туған нәрестелердің үшеуі де қыз бала. Сәбилердің салмағы 1890,0 гр, 1950,0 гр және 2700,0 гр болып желтоқсан айында дүниеге келді. Нәрестелерге ата-анасы Асылым, Айзада, Айдана есімдерін берген.
Анасының жағдайы жақсы, ал нәрестелер орталықта емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде ем қабылдауда. Әзірге жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алады және жағдайлары тұрақталғанша дәрігерлердің бақылауында болады.