2021 жылдың 13-18 қыркүйек күндері Маңғыстау облысы дін істері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Әйел жамағаты» арасында алдын алу жұмыстары жасалды.
Шараны «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қоры, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Казиева Ақмарал «Бекет-Ата» орталық, қалалық, Жетібай ауылы «Сүйінғара», «Ар Рахим» мешіттерінде және «Ас-Төр-үй» мейрамханасында өткізді.
Әйел жамағатына:
• Дәстүрлі діннің құндылықтары мен қасиетін түсіндіру
• Қазақстандағы жаңа діни тенденциялар
• Деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдары
• Әлеуметтік желілердегі теріс бағыттағы материалдар
• Жат діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараға қатысушыларға үлестірмелі парақтар таратылып, жат ағымдардың белгілері мен жаңа діни тенденциялық бағытындағы сұрақтарына жауап берілді.