ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі мәйітханалардың қауіпсіздігі күшейтілетінін мәлім етті.
ОКҚ қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілі Ералы Тоғжановқа елдегі мәйітханалардың қауіпсіздігі туралы сауал жолдады.
Оның бәріне қазір тапсырма берілгенін білесіздер. Қасым-Жомарт Кемелұлы тікелей тапсырма берді. Оған байланысты мемлекеттік органдардың бәрі жоспарын жасап жатыр. 51-ден астам нақты тапсырма жүктелді. Соның ішінде сіз көтерген мәселе де бар. Сондықтан оның бәрі болашақта реттеледі. Кемшіліктер болмады деп айта алмаймыз. Кемшіліктер болғанын да жақсы білеміз. Соның бәрін ескере отырып, болашақта қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге байланысты бүкіл шаралардың қабылданатынына ешқандай күмәнім жоқ, – деді Премьер-министрдің орынбасары.