Сұрақ: Мәһірді неке қию кезінде беру шарт па?
Жауап: Мәһірді неке қию кезінде беру шарт емес. Мәһір қалындықтың неке қиылғаннан кейін алатын ақысы. Бастысы екі тарап мәһір мәселесінде келісіп алса болғаны.
Осыған сәйкес мәһір неке барысында айтылған және айтылмаған болып екіге бөлінеді: аталған мәһір және тектес (іспетті) мәһір (мәһрун мислиюн). Аталған мәһір дегеніміз екі тараптың неке барысында немесе некеден кейін келіскен мәһірі. Бұл жерде мәһір ретінде не берілетіні және мөлшері айтылғаныдықтан «аталған мәһір» деп айтылады. Ер азамат аталмыш мәһірді некеден кейін беруі міндетті.
Ал енді екі жас некеден бұрын немесе неке барысында ешқандай мәһірге келіспеген болса, онда әдетте сол аймақта немесе елді мекенде қалындық атауына беріліп жүрген тектес мәһір беріледі.
Басқаша айтқанда, осы тектес қыздарға қандай мәһір атауы беріліп жүрген болса, сол шамадағы мәһір беріледі.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ