Сұрақ: Мәһір дегеніміз не?
Жауап: Күйеу жігіттің қалындығына беретін белгілі бір мөлшердегі сыйлық. Мәһірге берілген сыйлық қалындықтың иелігіне өтіп, жеке мүлкіне айналады. Сондықтан да мәһірді отбасындағы әйелдің құқығын қорғайтын құралдардың бір көрсеткіші десек те болады.
Себебі, мәһірге қалындықтың рұқсатынсыз ешкім қол сала алмайды. Сондай-ақ, мәһір – әлсіз әрі нәзік әйелдің жалғыз, қорғансыз қалған жағдайда (жесір қалса немесе ажырасып кетсе) материалдық, мұқтаждық көрмеуіне жасалатын қамқорлық.
Бірақ күйеуі қиындыққа ұшырап қалса, әйел оған ерікті түрде қаржылай көмектесем десе, онда шариғат рұқсат береді. Тіпті, кейіннен екеуі ажырасып кетсе де, күйеуінің немесе қайын жұртының мәһірды қайтып алуға құқығы жоқ.
Пайғамбар да (с.ғ.с.) сахабаларды қалың мал беруге шақырған:
Абдулла ибн Масғудтан (р.а.): «Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Уа, жігіттер қауымы! Сендерден кім қалың мал беруге құдіретті болса, үйленсін. Бұл оның көзіне, мүшесіне қайырлы. Кімнің (қалың мал беруге) шамасы келмесе, ораза ұстасын…», – деп айтты» деген риуаят келген (Бұхари, Мүслим).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ