1. Һижрет қаласы. Алла елшісі (с.ғ.с.) өз сахабаларымен қоныс аударып келген жалғыз мекен. Өйткені, сол шақта Пайғамбардан (с.ғ.с.) араб даласы тұтастан теріс айналған еді. Ал, мәдиналықтар ең жақсы қонақ Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) лайықты сый-құрмет көрсеткен ерекше қонақжай жұрт бола білді;
2. Пайғамбар (с.ғ.с.) жүрегінен орын алған қала. Мәдина Алла елшісіне (с.ғ.с.) қорған әрі жәрдемші болды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да бұл қала мен оның тұрғындарын өте жақсы көрді. Раббысына дұға етіп: «Уа, Алла! Мәдинаны бізге сүйікті ет, Меккені жақсы көргеніміздей және одан да қаттырақ[1]»,-деді. Ал, Мәдинадағы Ухуд тауы жайлы: «Бұл бізді жақсы көретін, біз де оны жақсы көретін тау»,-деді.
3.Қос қасиетті қаланың бірі. Алла Тағала және Оның елшісі қиямет күніне дейін қасиетті деп жариялаған қала. Мекке қаласын Ибраһим (ғ.с.) қасиетті десе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина қаласын киелі етті. Ол өз дұғасында: «Уа, Алла! Ибраһим Меккені қасиетті етті, ал мен қос қара тас арасындағы жерді (Мәдинаны) қасиетті еттім[2]»,-деген екен.
4. Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті тұрған қала. Алла елшісінің (с.ғ.с.) мешіті Меккедегі әл-Харамнан кейінгі ең абзал мешіт. Сол себепті, бұл мешітте намаз оқудың еселеп сауабы бар. Әбу Һурайра (р.а.): «Менің мешітімде оқылған намаз, әл-Харам мешітінен басқа мешіттерде оқылған намаздан мың есе қайырлы[3]»,-деген хадис риуаят еткен.
Сонымен бірге, арнайы зиярат етіп келінетін үш мешіттің бірі. Хадисте: «Тек үш мешітке арнайы зиярат етіледі: әл-Харам мешітіне, Алла елшісі (с.ғ.с.) мешітіне және әл-Ақса мешітіне[4]»;
5. Рауда шарифа. Мәдина қаласында, дәлірек айтқанда пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде қасиетті бақша бар. Хадисте: «Менің үйім мен мінберімнің арасы жәннат бақшаларының бір бақшасы[5]»,-делінген;
6. Құба мешіті. Бұл да Мәдина қаласының артықшылығының бірі. Құба елді мекенінде орналасқан бұл мешітте екі ракағат намаз оқу ұмра жасағанмен тең сауапқа ие. Саһл бин Хунайф (р.а.): «Кімде-кім жолға шығып осы мешітке (Құба мешітіне) келіп, онда намаз оқыса оған ұмраға тең сауап беріледі[6]»,-деп риуаят етеді;
7. Мәдина шапағат етуші қала. Хадисте: «Кімде-кім Мәдинада бақилық болуға мүмкіндігі болса, сонда көз жұмсын. Ақиқатында, мен Мадинада қайтыс болғандарға шапағат етемін[7]»,-делінген;
8. Ризық-несібенің берекеті. Мәдина тұрмыстық жағынан да берекелі қала. Алла Тағала бұл қаланың ризқы мен несібесін жемісі мен оның өлшемін берекетті еткен. Мұның барлығы пайғамбар (с.ғ.с.) дұғасының жемісі. Мәдиналықтар ағаштың ең алғашқы жемісін Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) алып келуші еді, ол кісі болса: «Уа, Алла! Бізге жемісімізді берекелі ет, бізге қаламызды берекелі ет, бізге сағымызды[8] берекелі ет, бізге муддымызды[9] берекелі ет. Уа, Алла! Ибраһим – Сенің құлың, досың және пайғамбарың. Мен де Сенің құлың әрі пайғамбарыңмын. Расында, ол Мекке үшін Сенен сұрап еді, мен де оның Меккеге арнап Сенен сұраған дұғасын Мәдина үшін сұраймын[10]»,-деп дұға еткен;
9. Мәдина – оба дерті мен дажжал фитнасынан қорғалған қала. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Мәдинаның жолдарында періштелер тұр. Қалаға оба мен дажжал кіре алмайды[11]»,-дейді. Бұл қалаға діннің бүлігінің ең ауыры дажжал кірмейді. Және дерттің ең жаманы оба жуымайды. Алла Тағала бұл қаланы дін мен дүние фитнасынан қияметке дейін қорғайды;
10. Жамандықтан тазараушы қала. Зайд бин Сабит (р.а.): «Ақиқатында бұл – жақсылық қаласы. (Мәдина қаласы) күмісті от тазалағандай жамандықтан тазартады[12]»,-деп риуаят етеді;
11. Иманның ұясы. Әбу Һурайра (р.а.): «Расында иман Мәдинаға жылан ініне енгені сияқты кіреді[13]»,-деген хадисті риуаят еткен.
12. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қабірі бар қала. Мәдина қаласында Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті және оның қабірі бар. Мешітке кіріп, қабірінің басына барғанда сәлем беру шығу сол мешіттің әдептерінің бірі.
KazIslam.kz
[1] Бұхари
[2] Бұхари
[3] Бұхари, Муслим
[4] Бұхари, Муслим
[5] Бұхари, Муслим
[6] Насаи
[7] Тирмизи
[8] Сағ –бидай, арпа, күріш сияқты сусымалы заттарға қолданылатын өлшем бірлігі. 1 сағ – 5.1623гр. тең.
[9] Мудд – бидай, арпа, күріш сияқты сусымалы заттарға қолданылатын өлшем бірлігі. 1 мудд – сағтың 4/1 тең.
[10] Муслим
[11] Бұхари, Муслим
[12] Муслим
[13] Бұхари, Муслим