Исламның қасиетті қалаларының бірі – Мәдина шахарын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемдегі ең салауатты қала деп таныды. Бұл ДДҰ-ның “Салауатты қалалар” бағдарламасы аясында белгілі болып отыр.
Қасиетті қала бұл атақты оған барған ДДҰ тобы барлық әлемдік стандарттарға сай деп мәлімдегеннен кейін алды. ДДҰ аккредитациясын алуда жалпы 22 мемлекеттік, қоғамдық, қайырымдылық және еріктілер агенттіктері рөл атқарды.
ДДҰ мамандарының пікірінше, “салауатты қала дегеніміз – бұл физикалық және әлеуметтік ортаны үнемі жақсартатын және адамдарға өмірдің барлық функцияларын орындауда және олардың максималды әлеуетін дамытуда бір-бірін қолдауға мүмкіндік беретін қоғамдық ресурстарды кеңейтетін қала”.