Әр пенде жаратылысынан діни, ұлттық немесе нәсілдік тұрғысынан дүниеге келеді. Яғни, анадан туылған барлық нәресте тең, әрі барлығы мұсылман болып туылады [1]. Балиғат жасына толып, кейінгі өмірінде мұсылмандықты қабылдаған адам, басқа да мұсылмандықты қабылдаған адамдармен иман және cенім тұрғысынан тең дәрежеде. Олардың амал тұрғысынан ғана Алланың алдында айырмашылығы бар.
Мұсылмандар негізінен бірдей иман етеді және тең дәрежеде Алланың бірлігін және барлығын қабыл етіп, иманның шарттарына мойынсұнады. Иман мен күпірлік – ақ пен қара секілді теріс, әрі бір-біріне қайшы ұғым. Міне, иман келтіргендер мен күпір етушілер теріс әрі қайшы болуымен ерекшеленеді.
«Иман» жайында Имам Мұхаммед (х.м. 186/805) былай дейді: «Бір мұсылман менің иманым Жәбірейілдің (а.с.) иманы сияқты» деуі [2] қате пікір. Өйткені, Жәбірейіл (а.с.) – нің иман еткеніне менде иман еттім», – деуі мүмкін.
Сондай-ақ, бір мұсылман «менің иманым Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) иманы сияқты» деуі, немесе Хз. Әбу Бәкірдің, Хз. Омардың, Хз. Османның, Хз. Әлидің және басқада сахабалардың иманы сияқты деуі жаңсақ пікір. Себебі, Кәлима шәһадаттың нұрын, иман еткендердің жүрегіндегі иманның айырмашылығын Алладан басқасының білуі мүмкін емес.
Имам Ағзам (р.а.) Әл-Уасия кітабында былай дейді: Амал иманнан, ал, иман амалдан емес. Өйткені кейбір жағдайларда мұсылмандардан амал ету үкімі түседі. Амал ету үкімі түскенде, иманының да үкімі түсті деу жаңсақ пікір. Мысалы етеккірі келген әйелден намаз оқу үкімі түседі, бұл әйелдің иманының үкімі де жойылды деуі шариғи бір пікір емес. Немесе оған, намазды таста дегеніміздей, иманды да таста деп айта алмайсыз. Өйткені Алла Тағала етеккірі келген әйелге: «Ораза ұстаудан бас тарт, қаза ет»[3], – деп бұйырған. Етеккірі келген әйелге иманнан бас тарт, қазасын өтейсің деп бұйырмаған. Кедейге «садақа беру парыз емес» алайда; кедейге иман парыз емес дей айта алмаймыз. Егер амал иманның бір бөлігі болса, амалы парыз болмаған уақыттарда иманның парыз болмауы керек еді.
Замандас өзін нағыз мұсылманмын және менің пікірімді қолдауы мәжбүр дейтін кейбір бауырларымыз жанында жүрген бауырларын, достарын және жанұя мүшелерін себепсіз имансыз деп, екеуара араздық, бір-бірін айыптаулар мен қатар қарым-қатынасын үзіп, бет көріспейтіндей болып жатыр. Бұндай адамдар қоғам арасында түсініспеушілік және араздық туындатып, басқаларының дінге деген көзқарасының теріс бағытта өзгеруіне себепші болуда. Бұл діни тұрғыдан да, адами тұрғыдан да қате пікір.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
[1] Мүслим, Кадер, 22.
[2] Dr. Ahmet DURAN. Islam Hukuku Araştırmaları Dergisi, sy.9, 2007, s.171-198
[3] Құран Кәрім. Бақара, 184.
Исатай Бердалиев,
ислам құқық ғылымдарының докторанты