Құран Кәрім мұсылмандарды үйленуге үндеп, ар-абыройын қорғау бұйырылған, жұбайынан басқа қандай да бір қанағаттану жолын іздегендер шектен шыққандар түрінде сипатталған. Шектен шығу дегеніміз Алланың қойған шегіннен шығу деген сөз. Сондықтан да Құранда зина, біржынысты неке сияқты шариғатқа қайшы байланыстарға тиым салынып, харам етілген. Әз. Пайғамбар (с.а.у.): «Ей жастар! Седнерден үйлену жасына жетіп, шамасы келгендер үйленсін, үйленуге мүмкіншілігі болмағандар ораза ұстасын, өйткені ораза шахуатты тыяды» (Бұхари, неке 2) делінеді.
Ислам ғалымдары осыған қатысты аяттар мен хадистерді негізге ала отырып қандай жағдайда болмасын шариғатқа қайшы қатынастардың харам екендігіне бір ауыздан келіседі. Қолмен қанағаттану (маструбация), немесе қарау, ойлау, сүйкену сияқты жыныстық қанағаттануды тудыратын жанама әрекеттерді де дұрыс деп санамайды, үлкен күнә болмағанымен рұқсат етілмейді.
Мұндай әрекеттердің рұқсат етілмеуі тиісті аят хадистерге ненізделе отырып шығарылған. Бірақ кейбір ислам ғалымдары құштарлығын жеңуге шамасы жетпей зинаға ұрыну қаупіне түскен үйленбегендер мен, жұбайымен жыныстық байланысқа түсу мүмкіншілігі жоқ отбасылы адамдардың қол арқылы немесе қарау, ойлау сияқты жолдармен қанағаттануға жүгінуі зина жасаудан қарағанда жеңілірек деген пікірде, бірақ бұл әрекеттерді әдетке айналдырмау ләзім.
Жоғарыдағы үкімге сүйене отырып +18 дүкендеріндегі заттарды қолдана отырып құмарын қандыру зина жасаумен салыстырғанда жеңілдеу жауапкершілік тудыратындығын айтуға болады. Алайда, мұндай шариғатқа қайшы жолдармен ләззаттану адамның психикалық, физиологиялық, отбасылық проблемалар тудыратындығын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Сонымен қатар, мұндай заттарды сатып алу да шариғатқа қайшы сектордың дамуына жол ашатындығын сөзсіз. Құран Кәрімде «Ізгілі пен тақуалықта көмектесіңдер, күнә мен дұшпандықта көмектеспеңдер» (Маида, 5/2) делінеді. Сондықтан бұл бағытта қаражат жұмсау осы саланың дамуына, күнәлардың жасалуына, харамға ортақ болуға ұмтылу деген сөз. Тек қана білікті дәрігерлер тарапынан кеңес берілген дәрілерді пайдалану, жақпа майларды қолдану денсаулықты нығайту бағытындағы құралдарды сату, қолдануда еш тиым жоқ.
Кеңшілік ТЫШХАН
дінтанушы, ф.ғ.к.