«Біссмилләһи рахмани рахим!
Мен өлгенде жыламаңдар. Бейсенбіден жұмаға өтетін түні рухым сендердің дұғаларыңа зәру болып, жер бетіне қайта оралып, кеп тұратын болады. Бұл күні Алланың разылығы үшін садақа беріңдер. Қолдарыңда беретін дым болмаса, итке бір жапырақ нан тастаңдар.
Егер бір тілім нандарың болмаса, Алланың разылығы үшін Пайғамбарымыз Мұхамед (С.ғ.с.) Мұстафаға құрмет ретінде, «анамның жаны үшін садақа еттім» деп кез келген тіршілік иесіне қарбыздың не қауынның қабығын болса да беріңдер. Бірдеңе беруге тырысыңдар.
Жетімнің басынан сипап, «Біссіміллә – Алланың разылығы үшін» деңдер. Пайғамбарға салауат айтыңдар. Үлкендерді сыйлаңдар, шамаларың жеткенше құрметтеңдер. Кішілерге ізет көрсетіңдер, мейірімді болыңдар. Өмірлеріңді әрдайым зікір-таспихта өткізіңдер. Көп сөзді болмаңдар. Өсек айтпаңдар, өсек айтатын жерде отырмаңдар.
Адамдар жақсы сөз айтса – тыңдаңдар, бөтен адам туралы жаман сөз айтса, ол жерден бірден кетіп қалыңдар. Өсек жинаймын деп күнә жинап аларсыңдар. Пайғамбарымыз өз хадисінде айтып кеткен: «Сөзі көптің – күнәсі көп» деп.
Әрбір істі Алланың разылығымен бастаңдар. Ұмытпаңдар. Менің мирас етпегім де сол. Мен сендер үшін көрде жатып қиналып қалмайын. Жандарың әрдайым Алланың разылығына ұмтылсын, тілдерің – зікір мен таспихта болсын. Иншалла, осылай етсеңдер абыройсыздықтан сақтанасыңдар.
Алла қаласа, мынадай аяттарды ұмытпаңдар: «Алланың достарында қорқыныш жоқ, олар қайғыдан ада болмақ» (Құран, 10:62). Бұл сөздің мағынасы мынадай: Кімде-кім ақ ниетпен Аллаға сеніп, басын исе, Аллаға қызмет етсе, олар үшін еш қорқыныш жоқ, еш қайғы жоқ – бұл фәниде де, ақыретте де.
Аллаға құлшылықтарың таза болсын. Тек Алланың разылығы үшін дұға қылыңдар. Барлық істеріңді тек Алланың атымен бастаңдар. Ешқашан саналарыңда «мына адам маған мына істе көмектеседі» деген ой болмасын.
Менің тәнімді сойғызбаңдар. Туыстарыңмен жақын қарым-қатынас орнатыңдар, ақылдасыңдар, тату болыңдар. Намаздарыңды қаза қылмаңдар, ораза ұстаңдар. Тастап кетпеңдер. Қара түнек көрге кіргенде есеп беретіндеріңді ұмытпаңдар. Бұ дүниеге алданбаңдар: бес күн жалған, ақырет – мәңгі…»
Әлем татарлары