Күндердің күнінде бір атеист мұсылманнан сұрапты:
– Неге Құдай өте қатігез және мұсылмандарда проблема өте көп?
Мұсылман:
– Сенде тіс дәрігері бар ма?
– Әрине бар.
– Сенің оған көзқарасың қалай?
– Жақсы, мен оған ризамын.
– Не үшін?
– Себебі, ол менің тісім ауырғанда емдейді.
– Ол емдегенде тісіңді ауыртады емес пе? Сонда да сен оған ризасың. Демек, ол да – қатігез.
– Ауырса өзім үшін ғой. Тісімді емдеу үшін.
– Мінекей, сен алғашқы сұрағыңа өзің жауап бердің,-деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы