Мұсылман салауатты өмір сүріп, денсаулығын күтімен қарауы қажет екені белгілі. Ал енді науқастынып қалған жағдайда білікті дәрігердің кеңесіне жүгінеді, оның жазып берген ем-шарасын қабылдайды. Егер науқас адам діндар болса, оны дәрігерге ескертіп айтады. Сонда дәрігер дәрі-дәрмек жазған уақытта оның діндар екенін ескере отырып жазады. Имам Мүслимның жинағында Жәбир ибн Абдулладан мынадай риуаят келеді. Алланың елшісі (с.ғ.с.):
«Әрбір аурудың дәрісі бар. Егер дәріні сол ауруға пайдаланса – Алланың қалауымен ауру қайтады», – деп айтқан. Бұған қоса келесі хадисінде былай деген:
«Алла тағала дерттің емін түсірмейінше, ешбір ауруды жіб-ермейді» (Бұхари, Мүслим).
Демек, әрбір аурудың емі бар. Бүгінде дәрі-дәрмектің түрі көп. Бірі болмаса бірінің орнын алмастыратын дәрілер жетерлік. Ем үшін қабылдап жатқан дәрілердің ислам канонында рұқсат берілген дәрілер болуы керектігін естен шығармаған жөн. Мысалы, өзгелерді алдап, ислам тиым салған арақ-шарапты ем үшін деп қабылдауға немесе коньякты қанымды көтеремін деп ішуге болмайды. Бұл жай ғана өзін-өзі алдау. Қанды көтеретін жеміс-жидектер және арнайы дәрумендер (витаминдер) мен басқа дәрі-дәрмектер жетерлік.
Сондай-ақ, имам Ахмедтің жинағында Зияд ибн Иляк келтірген хадисте Усама ибн Шарик былай деген:
«Бір күні мен пайғамбардың (с.ғ.с.) үйінде отырғанымда бәдауйлер келді. Олар:
– Біздің ем қабылдауымызға болады ма? – деп сұрады.
Пайғамбар (с.ғ.с.) оларға:
– Ия, Алланың құлдары. Дәрі-дәрмекті пайдаланыңдар! Алла ешбір дертті шипасын түсірмейінше жібермейді. Тек жалғыз нәрсенің (шипасы) жоқ – деп жауап берді.
Олар бір дауыстан:
– Ол, шипасы жоқ жалғыз нәрсе не? – деп қызыға сұрады.
Пайғамбар (с.ғ.с.):
– Кәрілік – деді».
Жоғарыда атқанымыздай науқас кеңес алуы үшін білікті дәрігерге баруы тиіс. Білікті маман аурудың түрін немесе ошағын дәл анықтайды. Сөйтіп дұрыс ем-шара береді. Имам Ахмедтің жинағында Ибн Масғуд мына хадисті айтады. Алланың елшісі (с.ғ.с.):
«Күмінсіз, Алла тағала ауруды жіберген шақта (оның) емін де түсіреді. Білуші оны таниды, білмейтін адам – білмеген хәлінде қала береді», – деген.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Әрине, емделу керек қой. Бастысы, қайдағы жоқ даладағы біреуден емес, мемлекет тарапынан білім алып, тәжірбиесі мол дәрігерге қаралу керек.
Иә, қазір не көп, тәуіп көп. Білімді адамға қаралған дұрыс, қызметі қымбат болса да…