– Мұстафа, Сирияда 2011 жылғы көтеріліске дейін халықтың әлеуметтік жағдайы қалай болды?
– Расында, өзіңіз атап кеткен көтеріліске дейін сириялық халықтың жағдайы жақсы болды. Әлеуметтік тұрмыстар өз жолымен жүріп жатты. Әркім дүние тіршілігімен әлек, уақыттарын қызықты өткізумен болды. Егер көршілес елдердің әлеуметтік жағдайын біздермен салыстырар болсақ, ондасириялық халықтыңтұрмысы әлдеқайда жақсы болды. Себебі, бізде жанармай, азық-түлік бағалары мен әлеуметтік қызметтер түріқолжетімді еді.
– Халықтың көзқарасы бір жерден тоғыспаудың салдарынанорын алған қақтығыстар қарапайым халыққа қалай әсер етті?
– Әрине, халықтың ауызбіршілігі бұзылғаннан кейін елде тыныштық кете бастады. Әсіресе, соңғы 3-4 жылдың ішінде халық арасында діни көзқарас күрт өзгерді. Сириялықтардың арасында теріс ұстанымды жастар, әсіресе сәләфи бағытын жақтаушылар көбейді.Олар халыққа өз көзқарастарын насихаттап, соңында имамдармен айтыса бастады. Оқшауланып топ-топ болып бөлініп, арнайы жасырын мекендерде жиналып, дәріс өте бастады.Алғашында мұндай дәрістерді сыртқы елдерден келген шейхсмақтар жүргізді және олардан ешкім қауіп күте қойған жоқ. Сондықтан, олардың әр насихат сабақтары бақылаусыз жүріп жатты. Осындай халықтыңбейқамдығының салдарынанжастар арасында теріс пікірлер мен сәләфи бағытындағы ұстанымдар тез тарады.
Атап кету керек, алғашында сәләфи бағытын қолдаушылар өз насихаттарын кедей халықтан бастады. Олар халықтың әлеуметтік жағдайын жасап,оларға құрмет көрсету арқылы өздерінің идеологияларын үгіттеп, халықтың жүрегіне жол тапты. Салдарынан жастар арасында бөлінушілік орын алды, тіпті, ешбір мәселенің байыбына бармастан бір-бірін кәпір дей бастады. Мәзхаб ұстануды жоққа шығарушылар көбейді. Құран Кәрімді өз бетінше тәпсерлейтіндер пайда болды.Бір сөзбен айтқанда мұсылмандар арасында үлкен бүлік туды.
Осындай сәләфи бағыттағы теріс идеологиялардың қарапайым халық арасында таралуы елдің тыныштығын бұза бастады. Соңы елдегібүгінге дейін жалғасып жатқан қақтығыстар десек болады. Ал, мұндай қақтығыстардан тек қара халық жапа шекті.
– Сонда, бұған дейін Сіздің елде діни мәселе болмап пе еді?
– Шындығында, бұған дейін елде ешқашан діни мәселеболмаған. Халық арасында сәләфи көзқарасы теріс ұстаным екені белгілі болатын. Егер бір сәләфи бағытындағы адам мешітке келіп насихат айтса немесе өз ұстанымы бойынша намаз оқитын болса, ол дереу халықтың арасынан шеттетілетін және халық онымен байланысуын тоқтататын. Ол халық үшін бөтен адам болып қалатын.Осылайша, Сирия халқы бүгінге дейінөз ұстанымыХанафи мазхабынаберік болып, жүздеген жыл бойы тыныштықта, ауызбіршілікте өмір сүрді емес пе?!
– Енді елдегі діни ахуалды реттеуге байланысты мемлекет тарапынан қандай шаралар қолға алынды?
– Әрине, мемлекет бүгінде ең алдымен сәләфилік насихаттың теріс екенін халыққа түсіндіру жұмыстарымен әлек. Ол үшін мемлекет елдегі барлық мешіттердің уағыздарын бір бағытқа реттеді. Яғни, мешіт имамдары соңғы уақытта хұтбаларда сәләфи бағыттың терісұстанымы туралы ғана айтуға міндеттелген. Мемлекеттің мұндай қадамы өз кезегінде өсіп келе жатқан жастардың көзін ашуға бағытталуда. Егер, қандай да бір имам өз уағызында теріс идеологияны насихаттаса, дереу орнынан босатып, тиісті шара қолданылады.Бір сөзбен айтқанда елдегі діни ахуалды реттеуге байланысты мемлекет имамдардың әрекетін бір жүйеге келтірумен бастады.
Сонымен қатар,елдегі осындай діни ахуалдың күрделенуімен мемлекет халықты сөйлеу еркіндігінен айырды. Яғни, кімде-кім саясат туралы, мемлекетті жамандаса, діни уағыздарды рұқсатсыз айтса оған дереу тиісті шара қолданып,қамауға алатындай жағдайға жетті. Бұл, әрине сыртқы күштердің салдарынан орын алып жатқан жайт. Өйткені, сыртқы күштің ықпалы елде өте қатты сезіледі.Жүйелердің барлығы күрт өзгерді.
– Бүгінде елдегі шииттер мен сүнниттер арасындағы ахуал қалай?
– Сирияда шииттер қатары қашанда аз болып келген. Соңғы 10 жылдашииттер елде белсенді жұмыс жасай бастады. Олар қатарын көбейту үшін нақты қадамдарға көшті. Солардың бірі, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, өздерінің қатарына қосу.
Мен өзім Алеппо қаласының бір мешітінде хұтба оқитынмын. Сонда бір күні мешіт жамағаты ортадағы жастардың көбісі шииттік бағытқа өтіп жатқандығын айтты. Мен әлгі жастармен сөйлескенімде шииттер оларға қомақты ақша беріп, үй-жайлармен қамтамасыз еткен екен. Бұл көрініс, әсіресе, елдің шииттер шоғырланған жерлерде көптеп кездесті. Ал, сүнниттер мен шииттер арасындағы ахуалтек ресми түрде ғана жақсы, ал қарапайым халық арасында ондай көрініс байқалмайды. Шииттер бір бөлек, сүнниттер бір бөлек өмір сүруде.
Әңгімелескен Жалғас АСХАТҰЛЫ,
арнайы “E-ISLAM” порталы үшін