Алла Тағала:
– Ей, Мұса, Адамның «Бүкіл әлемнің раббысы болған Аллаға сансыз мадақ» (әлхамду лиллаһи раббил аламин – Фатиха: 1) , деген сөзінің өзі шүкіршілік ретінде Маған жеткілікті.
Мұса а.с.:
– Жаратқан Ием, егер қандай да бір құлың Саған сәжде етіп: «Ей, Раббым!», десе оған не айтар едің?
Алла Тағала:
– Мен оған: «Ләббәй құлым», деймін.
Мұса а.с.:
– егер ол құлың Саған қарсы амалдар жасаса ше?
Алла Тағала:
– Сонда да мен оған: «Ләббәй құлым», деймін.
Мұса а.с.:
– Раббым, Маған түскен Тәуратта жазылғандай менен кейін бір үммет келеді екен. Олар әр астарын бастамас алды «бисмилла», деп Сенің атыңмен бастайды екен сондай-ақ, асты ішіп болғасын «Әлхамдулиллаһ», деп Саған мадақ айтады екен. Осылайша Сен олардың күнәсін кешіріп отырады екенсің. Менің үмметімді сондай үмметтерден ете гөр!
Алла Тағала:
– Ей, Мұса, ол үмбет Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбардың үмбеті.
Мұса а.с.:
– Ей Раббым, Тәуратта жазылғандай, менен кейін бір үммет келеді екен. Егер олар бір жамандық жасауға ниеттеніп бірақ, Сенің ашуыңнан қорқып сол жаман ниетінен қайтатын болса оларға сауап жазылады екен. Менің үмметімді сондай үмметтерден ете гөр!
Алла Тағала:
– Ей, Мұса, ол үмбет Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбардың үмбеті.
Мұса а.с.:
– Ей Раббым, Тәуратта жазылғандай, менен кейін бір үммет келеді екен. Егер олар бір жақсылық жасауға ниеттеніп бірақ, жасай алмаса сол ізгі ниеті үшін оларға сауап жазылады екен. Ал, егер сол жақсылықты жүзеге асыратын болса онда оған 10 сауап жазылады әрі сол сауап 700-ге дейін көбейтіледі екен. Ей, Жаратқан! Менің үмметімді сондай үмметтерден ете гөр!
Алла Тағала:
– Ей, Мұса, ол үмбет Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбардың үмбеті.
Мұса а.с.:
– Ей, Жаратушы Раббым! Онда мені сол Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбардың үмбеті ете гөр!, деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ – дінтанушы