– Мұхаммед, бүгінде ислам дінін бұрмалаған содырлар туралы білмейтін жан жоқ. Осы ИШИМ Сирияға қалай келді? Алғашқы көріністері халық арасында қалай байқалды?
– Иə, осыдан бес жыл бұрын еліміз мұндай күйді бастан кешеді деп ешкім ойламаған еді. Себебі, Сирия көршілес елдердің ішінде алдыңғы қатардағы дамушы елдердің бірі еді. ИШИМ елге келмес бұрын халықтың арасында сəлəфи бағытын жақтаушылар көбейе бастады. Əрине, мұндай бағыттағы насихат алғашында жасырын түрде жүзеге асты.
Негізі, ИШИМ-ның құрылуына сыртқы елдердің ықпалы болғаны ақиқат. Олай дейтін себебім, Сирия халқы бұған дейін ешбір ұйымның бас көтеріп, мұндай жағдайға дейін жеткізбеген еді. Бізде халықтың ауызбіршілігі жақсы деңгейде болатын. Мемлекет халықтың тыныштығын қатты қадағалайтын.
ИШИМ-нің бастауы ретінде сəлəфилік бағыттың идеологиясы халық арасында кең тарағанын айтуға тиіспіз. Осындай идеологияның салдарынан жастар бөліне бастады. Бір-бірімен діни мəселеде келіспеушіліктер көбейді. Уақыт өте осындай келіспеушіліктер үлкен бүлікке айналып, халықтың тыныштығы қашты. Яғни, теріс идеологияның таралуына сыртқы күштер ықпал етті.
– Бүгінде сириялықтар арасында ИШИМ содырларын қолдаушылар көп пе?
– Қазіргі уақытта Сирияда «ИШИМ содырларын қолдамаймын» деп немесе олар туралы жаман сөз айтуға халық қорқады. Себебі, халықтың өзі кімге сенерін білмейді. Егер, біреу ИШИМ туралы жаман айтса, оның сөзін ИШИМ-ге жеткізіп барушылар көп. Ал, ИШИМ-ді жамандағандар өз кезегінде азапталады немесе түрмеге қамалады. Сондықтан, əрбір адам олар туралы тіс жармауға тырысады. Демек, оларды қолдаймын немесе қолдамаймын деп ауызша айтудың өзі қауіпті. Мұндай шектеулер, əрине, ИШИМ орналасқан жерлердегі халыққа ғана байланысты.
– Мұхаммед, сіз өзіңіз ИШИМ содырларын көріп, олармен тілдескен кезіңіз болды ма?
– Алдымен ИШИМ содырларын екіге бөліп қарастырған жөн. Біріншісі, ИШИМ жетекшілері, екіншісі, оның əскерлері. Жетекшілермен кездесу мүмкін емес, себебі олар халықтың алдына көп шыға бермейді. Ал, ИШИМ əскерлерін күнделікті көшелерде көруге болады, əсіресе, елдің шығысында орналасқан қалаларда көп.
Мұндай əскерлермен жеке кездесіп, олармен бірнеше сағатқа созылған оты- рыс өткізген күндеріміз де болды. Бүгінде олардың бетіне «ИШИМ» деп ешкім айта алмайды. Себебі, олар өздерін «Ислам мемлекеті» деп атағанды жөн көреді.
Осындай ИШИМ содырлары қазіргі таңда Сирияда өз саясаттарын жүргізу арқылы көптеген халыққа зиян тигізуде. Бұрын қызмет еткен жұмыс мекемелер жабылды, қоғамдық қызметтер тоқтатылды, мектеп, медреселер солардың идеологиясы бойынша сабақтар жүргізеді. Олармен санаспаған кез келген адам қудаланады. Қысқасы, қазір Сирияда ИШИМ заңдылығымен жүретін күн туды. Ал, мұндай заңдылықпен жүргісі келмейтіндер ел асып, жер асып, біз сияқты қоныс аударып кетеді.
– Бүгінде исламның ең қауіпті дұшпаны – надандық, білімсіздік. Санасы уланған жастар туралы не айтасыз?
– Қазір мұсылмандарда күш, əскер, қару-жарақ, жер жəне барлық табиғи байлықтар бар. Бірақ, соңғы кезде мұсылмандарда білім жағы ақсаңдап барады. Осыны пайдаланған сырт елдер надан мұсылмандарды пайдаланып, өзімізге қарсы қойып жатыр. Қазір бұрынғыдай əскер жіберіп, елді, жерді жаулап алу деген жоқ. Тек надан мұсылмандарды пайдаланып, олардың санасын улап, өз халқына қарсы қою əдісі жүріп жатқан заман.
Жастар ақ пен қараны ажыратып, дұрыс исламды тану қажет. Ол үшін ең алдымен кімнен білім аласың, соған қарау керек. Осындай дұрыс бағыттағы білімді алғаннан кейін ғана өмірлік шешімдерді қабылдау кез келген адамды дұрыс бағытқа жетелейді.
Қазіргі жастардың эмоциялық əрекеттері ешқашан адамды жетістікке жетелемейді. Барлығын ақылдың таразы- сына салу керек. Ашуға берілмеген жөн. Бұл жайында Али ибн Əбу Талиб былай деген: «Кімде-кім ашуланса, өкініште қалады, егер өкінбесе, ол – ақылынан адасқан адам».
Бүгінде ешбір жерде жиһад жоқ. Егер болса Алланың ризашылығына кене- лу үшін, мен бірінші болып сол жерге барар едім. Сондықтан қазіргі заман- да біздер – мұсылмандар, əсіресе, жастар үшін ең үлкен жиһад, ол – білім жиһады. Білімге қол жеткізу арқылы ғана мұсылмандардың болашағы жарқын болатынына кəміл сенемін.
Сұхбаттасқан Жалғас АСХАТҰЛЫ,
Арнайы «E–islam» порталы үшін