Бірде Хаттабұлы Омар (Алла ол кісіден разы болсын) ардақты Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.) үйіне келеді. Пайғамбар төсегінде отыр екен. Төсеніштің жұқалығы сонша одан Пайғамбардың с.а.у. үстінде тақыр жердің ізі қалған еді. Мұны Омар ибн Хаттаб (р.а.) көріп, жаны ашып, көңілі босап кетеді. Пайғамбар (с.а.у.) одан:
– Неге жыладың?-деп сұрайды таңдана. Сонда Омар (р.а.):
– Парсы патшасы мен Рим патшасының жағдайы есіме түсіп кетті. Олардың патшалық дәрежесінің алдында мына Сіздің отырысыңыз жаныма қатты батты,-дейді. Бұған ардақты пайғамбар с.а.у.:
– Олар бұл дүние рахатына менен бұрын қаныққан жандар (Расында, шын рахаттық ол жәннәтта)-деп жауап берген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы