Лондондағы түрлі ұлт және дін өкілдері Тауэрдің 900 жылдық тарихындағы тұңғыш конфессияаралық ауызашарға жиналды.
“Наз мұрасы” қоры ұйымдастырған дастарханға Лондон мэрі Садық Хан, түрлі конфессиялардың басшылары, соның ішінде бас раввин Эфраим Мирвис пен кардинал Винсент Николс қатысты.
“Мен Лондонның Тауэрінде өткен тарихтағы тұңғыш конфессияаралық ауызашарға қатысқаным үшін қуаныштымын”, – деді іс-шара басында қала мэрі.
“Кеше осынау ғажайып оқиғаның қатысушысы болғаным үшін өзімді бақытты санаймын. Іс-шараны ұйымдастырған @NazLegacy мен қуанышты бөлісуге келген барлық адамға рахмет”, – деп жазды кардинал Николс.
Фото: SadiqKhan twitter