Елдің әр аймағындағы әскери құрылымдар арасында жүріп жатқан қақтығыстар дүйсенбі күні ел астанасына жетті. Сейсенбі күні Триполидің аспаны қара түтінге оранды. Дереккөздердің хабарлауынша, қаланың әр аймағында атыс жүріп жатыр. Бұл қақтығыстар негізінен 444 бригадасы мен Арнайы тойтарыс күштері арасында орын алуда.
2011 жылы ел президенті Каддафи тақтан тайдырылғаннан кейін Ливияның басына бақ қонбай қойды. 2014 жылы ел батыс пен шығыс болып екіге бөлініп, екі жақтың қарулы құрылымдарының күресіне ұласты. 2020 жылы олар қақтығысты тоқтату туралы келісімге келген еді. Қазіргі күні Ливияда Түркияның бітімгерлік күштері қызмет етіп жатыр. Алайда, мұның өзі елдегі проблеманы түпкілікті шеше алмай тұр.