Жыл соңында Катарда өтетін футболдан әлем чемпионаты кезінде ЛГБТ жалауын ұстаған кез келген жанкүйер ұзақ мерзімге абақтыға қамалады. Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылар мәлімдеді.
“Біз ислам мемлекетіміз. Сондықтан кімде-кім қызтекелердің жалауын ұстап жүретін болса, 7 немесе 11 жылға қамалады. Елімізге келетін әрбір жанкүйер біздің дінімізді, мәдениетімізді құрметтеуі керек”, – деді олар.
Айта кетейік, Катарда біржынысты неке мен басқа да дәстүрлі емес қатынастарға қатаң тыйым салынған.