«Таблиғи жамағат» – елімізде 2013 жылы сот шешімімен экстремистік деп танылып, республика аумағында қызметіне тыйым салынған ұйым. Мүшелері «есіктен есікке» қағидатын ұстанады. 7, 40, тіпті 6 айға дейін дағуатқа кетеді. Дәстүрді мойындамайтын ұйым мүшелері отбасы құндылықтарын да аяқ асты етеді.