Сомали ұлттық армиясы (СҰА) сенбі күні Сомалидің оңтүстік-батысында жүргізген операция барысында «Аш-Шабаб» лаңкестік тобының жоғары лауазымды қолбасшысын өлтірді, деп әскерилерге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.
Операцияны басқарған СҰА командирлері жексенбі күні Сомали ұлттық телеарнасына шейх Әл-Сима деген атпен белгілі Мұхаммед Нұр Гаалдың Бакул ауданындағы Тиеглоу қаласында өлтірілгенін хабарлады.
Мұхаммед Нұр Гаал Бей және Бакул аймақтарындағы бірқатар шабуылдарға жауапты, «Аш-Шабаб» аға жетекшілерінің бірі болған деп хабарлады мемлекеттік телеарна.
Бакул халықаралық «Әл-Каида»* террористік ұйымымен байланысы бар осы топтың бекіністерінің бірі болып табылады.
Сомали қауіпсіздік күштері Африка одағының бітімгершілік күштерінің қолдауымен елдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша күш-жігер аясында «Аш-Шабабқа» қарсы күресті күшейтті.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым