Германияның Федералдық прокуратура дерегінше, Берлинде лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болған ХАМАС мүшелері ұсталды. Олар лаңкестік әрекет жасау үшін қару іздеп жүрген. Үш адам Берлинде, тағы біреуі Нидерландта қолға түсті. Kazinform бұл туралы DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Германия мен Нидерландта лаңкестік әрекет жасау үшін қару сақталған жер астындағы құпия орынды іздеп жүрген палестиналық ХАМАС тобының төрт мүшесі ұсталды.
«Үшеуі Берлинде тұтқындалса, тағы бірі Роттердамда қолға түсті», — деп хабарлады бейсенбі күн Карлсруэ федералдық прокуратурасы.
Мекеменің хабарлауынша, қаруды Берлинге жеткізу, Еуропадағы еврей нысандарына шабуыл жасай қалған уақытқа дайындап отыру жоспарланған екен.
Төртеуі де ресми шетелдік лаңкестік ұйымға қатысы бар деп айыпталып отыр. Оларда нақты шабуыл жоспары болмаған. Федералдық прокуратура дерегінше, олар бірнеше жылдан бері ХАМАС мүшесі және ұйымның шетелдегі акцияларына қатысып, ХАМАС әскери қанаты басшылығымен тығыз байланыста болған.
Берлинде ұсталғандардың бірі – Ливан тумасы Абдельрахим Аль-А. ХАМАС басшылығынан Еуропада өткен жылдары жасалған қару сақталған жасырын орынды іздеу туралы бұйрық алған. Аль-А., египеттік Мохамед Б. және Роттердамда ұсталған Назих Р. қазанда осы орынды табу үшін бірнеше рет Берлиннен шыққан. 15 желтоқсанда Берлинде ұсталғандардың үшеуі сот алдында жауап береді.
Дания 14 қазан таңертең антитеррорлық операция аясында Нидерландта лаңкес болуы мүмкін адамның бірі ұсталғанын хабарлаған болатын.