Бағзы замандардың бірінде Лұқман Хәкім ұлын алдына шақыртып былай деген екен:
-Көптеген пайғамбарлар мен игі тұлғалардың өмір жолымен таныстым. Содан түйген 8 қағиданы саған өмірлік өсиет ретінде айтқым келіп отыр.
1 – Намазда тұрсаң жүрегіңді сақта. Себебі, намаздың қабыл болуы жүректің ықыластығына байланысты.
2 – Адамдардың отырысында болсаң, тіліңді сақта. Себебі, тілдің кесірі жанжалдың туындауына септігін тигізеді.
3 – Қонақта болсаң, көзіңді сақта. Себебі, көз тыйылмаса, көргенді тіл сөйлейді.
4 – Ас дастарханда болсаң асқазаныңды сақта. Себебі, қомағайлық адамды нәпсіге құл етеді.
Екі нәрсені еш уақытта есіңде сақтама:
5 – Адамдардың саған жасаған жамандығын;
6 – Адамдардың саған жасаған жақсылығын.
Екі нәрсені еш уақытта есіңнен шығарма:
7 – Сені жаратқан Аллаһ Тағаланы
8 – Түбінде қайтар ақырет күнін (өлім сәтін).
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы