Кувейт үкіметі Швецияға швед тіліне аударылған 100 мың Құран данасын жіберуді жоспарлап отыр. Осылайша араб мемлекетінің билігі аталған скандинавиялық елдегі исламофобиямен және надандықпен күреспек. Жуырда Стокгольмдегі мешіт алдында Құран өртеу оқиғасы орын алып, мұсылман әлемінің наразылығын тудырғаны белгілі.
Швед тілінде Құран басып шығару бастамасын елдің премьер-министрі Ахмед ас-Сабах көтеріп, тиісті мекемелерге тапсырма берді. Ислам дінін қабылдаған белгілі аудармашы Кнут Бернстромның аударма нұсқасы басылады деп күтілуде.
Айта кетсек, Швецияда орын алған оқиғадан кейін Кувейт алғашқылардың бірі болып наразылығын білдірген еді.