Менің гүл сататын дүкенім бар. Бүгін таңғы 7-00 дүкенімді ашуға келсем, есік алдында әскери киім киген бір жігіт тосып тұр екен. Ол әуежайға кетіп бара жатып, бір іспен бұрылыпты. Ауғанстанға борышын өтеуге кетіп барады екен.
Ісі мынау:
«Әр жұма сайын келіншегіме әдемі гүл шоғын сыйлайтын әдетім бар еді, енді ұзақ сапарға кетіп барам, бірақ ол менің жоқтығымды сезінбеуі керек. Сол үшін арнайы тапсырыс жасап кеткім келеді».
Ол маған 52 гүл шоғына тапсырыс берді. Бір жыл бойы әр жұма сайын оның әйеліне апарып тұруымды тапсырды. Мен оған 50% жеңілдік жасадым.
Мұндай махаббат менің көңіліме шуақ шашты. Күнім керемет өтті.