ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырамасы бойынша «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Қырғызстан Республикасына арнайы іс-сапармен барып, «Куликовский» кондитерлік және сүт өнімдері кәсіпорнына «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Сертификаттау процессіне Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» бөлімінің басшысы Бахтияр Тоқтағазыұлы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы да қатысты.
«Куликовский» кондитерлік кәсіпорны — халықаралық нарықта кеңінен танымал, Қырғызстандағы кондитерлік өнімдер шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның өнім ассортименті әртүрлі тәттілерді, оның ішінде торттар, печеньелер, шоколадтар және басқа да десерттерді қамтиды. Кәсіпорынның ерекшелігі — табиғи ингредиенттерді пайдалану мен сапалы өнім өндіру. Кәсіпорында 6 ай бойы аудит жүргізіліп, тағамдық қоспалары, өндіріс процессі, құжаттамасы, дайын өнімдерді сақтау және тасымалдау шарттары түгелдей тексерілді», – дейді Айбек Асқарбекұлы.
«Куликовский» кондитерлік және сүт өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 03.10.2024-02.10.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы:Қырғызстан Республикасы, Аладамун ауданы, Алма-Ата көшесі, 2.