Сұрақ: Культтік сенімдер деген не?
Жауап: Оккультер – «ғылымға белгісіз құпия күштер бар, оны тек «ерекше қасиетті» адамдар тани алады, олар арғы дүниемен байланыс жасай алады» деген сәуегейлік. Оған астрология, магия, шамандық, сиқырлықты жатқызуға болады. Бірқатар культтік сенімдегілер деструктивті әрекет жасап жатқаны белгілі. С.И.Ожеговтің сөздігінде «Культ – құдайға қызмет ету және осыған байланысты рәсімдер, біреуге табыну, бас ию немесе бірдеңені қасиет тұту, сыйыну» деп көрсеткен.
А.Г.Спиркиннің сөздігінде «Культ – латын сөзі «cultus» – қасиет тұту мағынасын аңғартады» деген. Оқу құралдарда «секта» және «культ» терминіне былай анықтама берілген: «Культ – мистикалық тәжірибе немесе құдайға қызмет көрсету рәсімі, кей адамдарға сыйыну және көркем немесе интеллектуалды бағдарламаларға табынатын адамдардың тобы, үнемі ашық немесе жасырын рәсім-ғұрыптар жасайды. Культтер өзінің мазмұнына қарай позитивті яки қайырымдылық мақсатта да болуы мүмкін…».
Культтерге дәстүрлі дін өкілдері де қарсы. Сиқырлық, балгерлік, неошамандық-бақсылық, жалған сопылық және сайтан жолын ұстанған культтер бар. Алланың атын ұранға айналдырған «жолын ашып беруші», «сүйіктісін қайтаратын», «саудасын өрлететін» қара магия культтік сәуегейлер мен деструктивтік, окультік-магиялық және аморалді жалған ғылыми, жалған психологиялық уағыздардың жасалуынан сақ болуымыз қажет.
Икрам АЙТАЕВ