Павлодар қаласындағы «Крендель» кондитерлік дүкендері ҚМДБ «Халал Даму» орталығынан сертификатын алды.
«Крендель» ААҚ-ы көп жылдан бері Павлодарда халыққа қызмет көрсетіп келеді. Астана қаласында да филиалы бар үлкен кәсіпорын. Оның тәтті өнімдері бәрі таза, шариғатқа сай екендігі жан-жақты тексерістен өткен.
Қасиетті жұма күні аталмыш мекеменің басшысы Мәдина Тоғжанқызына сертификат тапсырылып, жамағатқа таныстырылды.