Кот-д’Ивуар лаңкестікпен және теңіз қарақшылығымен күресте Ұлыбританиямен ынтымақтасады, деген ақпаратқа Stopterror.uz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Ұлыбритания Қорғаныс министрінің орынбасары Джеймс Хиппимен кездесуде Кот-д’Ивуар Қарулы күштері штабының басшысы Лассин Думбия әскерилердің терроризм мен теңіз қарақшылығына қатысты қауіпсіздік мәселелерімен күресудегі қиындықтары туралы айтып, осы салада Ұлыбританиямен ынтымақтасқысы келетінін мәлімдеді.
Екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ниет білдірген Хиппи британдық тараптың да Думбия айтқан салаларда ынтымақтастықты қалайтынын атап өтті.
Ұлыбритания қарақшылық пен лаңкестікке қарсы күресте белгілі бір дағдыларды алу үшін Кот-д’Ивуар армиясына дайындық және барлау қызметтерін ұсынады.
Батыс Африкадағы «үш елдің шекарасы» атанған Мали, Нигер және Буркино-Фасо орналасқан аймақтағы лаңкестік топтар үшін Гвинея шығанағы жаңа бағыт екені белгілі.
«Әл-Каида»* мен ДАИШ*-пен байланысы бар лаңкестік топтар Гвинея шығанағындағы Кот-д’Ивуар, Бенин және Тогоға қарай жылжып, теңізге шығуды қалайды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым