Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында РАТТ мүшесі, Азамат Тулепов Нұғманұлының ұйымдастыруымен 26 сәуір күні облыстағы әйел жамағатымен «Костекский уағыздарының қатері» тақырыбында кездесу өтті.
Жалпы кездесуді «Отпан» орталығының басшысы Азамат Тулепов жүргізіп, түсіндіру жұмысына теолог маман Казиева Ақмарал, психологиялық тренинг өткізуге Мухамбетова Динара тартылды.
Кездесу барысында Надир Абу Холид пен Абдулла Костекский секілді радикалды уағызшылардың лекцялары қоғамға қауіпті екені айтылды.
Сонымен бірге қазіргі таңда қоғамға қауіп төндіретін Костекскийдің уағыздарын таратқан азаматтар бас бостандығынан айырылып, қылмыстық әрекетке баруы мүмкін екені жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490 бабы, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға болмайтындғы түсіндірілді.
Қрқылмыстық кодекстiң 174-бабы, әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру қылмыс екені кеңінен ақпараттандырылды.
Діни радикалдану – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізлді.